Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қатты ұқсайтын қызды алып келген": Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбевтың қылмысын қалай жасырмақ болғанын айтты

Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың ағасы қарындасының өліміне қатысты тың деректермен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com

Салтанаттың ағасы Қайрат Нүкенов Ертісбаев Live арнасына берген сұхбатында Бишімбаевтың өз қылмысын қалай жасырмақ болғаны туралы айтып берді.

“Оқиға 9 қараша күні болған. Қарындасым мейрамхананың вип-залынан шықпай қойған кезде. Менің ойымша, ол уақытта қарындасым көз жұмған. Сол күні түстен кейін Бишімбаев мейрамханаға бір қызды шақырған. Біздің дереккөздерімнің мәліметінше, ол қыз менің қарындасыма, Салтанатқа қатты ұқсайды. Қызды шақырып, мейрамхананың көршілес бөлмесінде бір жарым сағат ұстайды. Осы уақытта Бишімбаев қарындасымның барлық әшекейлерін шешіп алған. Оны ұстау кезінде Салтанаттың әшекейлері Бишімбаевтан табылды. Сондай-ақ, інісі Салтанаттың сырт киімін және басқа да жаңа киімдер алып келеді. Біздің күдігіміз бойынша, Бишімбаев Салтанатқа ұқсайтын қызды шақырып, Салтанаттың киімдерін кигізіп, әшекейлерін тағып мейрамхана камераларында Салтанат мейрамханадан өзі шығып кеткен секілді көрсеткісі келген”, – деді Қайрат Нүкенов. 

Сонымен қатар, Нүкенов қайғылы оқиағадан кейін тараған Бишімбаевтар мен Нүкеновтардың отбасылары татуласты деген қауесетке де жауап берді. 

“Оқиғадан кейін олар Павлодарға келді. Бишімбаевтың әкесі мен Қайрат деген ағасын көрдім. Одан кейін Астанаға қайтып кетті. Қазір 12 желтоқсан, осы күнге дейін кешірім сұрап немесе татуласуды сұрап алдымызға ешкім келген жоқ”, – деді Қайрат Нүкенов. 

Талқылау