"Қатігез ойын": Көкпар кезінде жараланған жылқылар желідегілерді шошытты
Фото: threads.com/@aruzhanka.u
Желіде көкпар ойына кезінде ауыздары қанап, жараланған жылқылардың фотолары тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі қолданушылары жануардың көрермен үшін азап шегіп жатқанын айтып, қатысушыларды бұл әркетін қатыгездік деп атаған.
"Көкпар – қатыгез ойын. Жылқылардың тұяқтары сынып,жарақат алып жатыр. Артынша кейбір жылқылар сойылады. Ақша әкелетін асыл тұқымды чемпион-жылқылар да сойылып жатыр. Оларды ешкім емдемейді", – деп жазады пікір қалдырушылар.
Кейбір қолданушылар мұны көргеннен кейін ұлттық ойынға деген көзқарасы мүлде өзгергенін жазды.
Алматыдағы демалыс орындарының бірінде итті асып қойған: Полиция тергеу бастады
"Осы сәттен бастап көкпарды жек көремін. Адамдар сондай жабайы. Жануарларға тыныштық беріңдер. Көкпар – ең қатігез әрі сұмдық спорт", – деп жазды желі қолданушысы.
Кейінірек ат клубының өкілдері жағдайға қатысты түсініктеме берді. Олардың айтуынша, бір сәтте жылқының ауыздығынан қан кеткен, алайда "бетінің жыртылуы" туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.
"Ойын кезінде бір жылқының ауыздығынан қан аққан. Фото мен видеода беті жыртылып кеткендей көрінген, бірақ олай емес. Жануар үшін жарақат қауіпті емес. Біз бірден жылқыны ойынан шығардық, жарасын тазалап, өңдедік, қазір ол ветеринардың бақылауында ем алып жатыр", – деді клуб өкілдері.
Еске салсақ, осыған дейін Алматыда ер адам тазы итті турникке байлап кеткені туралы жазғанбыз.

"Студенттердің шәкіртақысында несі бар": Қазақстандықтар шетелде оқитын жастарға салық төлету туралы ережені сынға алды
