Қатерлі ісіктің түнде байқалатын екі белгісі анықталды

Мамандар назардан тыс қалдыруға болмайтын қатерлі ісіктің екі түнгі белгісін атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Surrey Live басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мамандардың айтуынша, егер адам түнде ұйықтай алмай, қатты терлей бастаса, бұл кей жағдайда қатерлі ісіктің белгісі болуы мүмкін. Егер сізде осы белгілер байқалса бей-жай қарамаңыз.
Сонымен қатар мұндай белгілер әрдайым онкологиялық аурумен байланысты бола бермейді. Олар стресс, инфекциялар, дәрі-дәрмек қабылдау немесе гормоналдық өзгерістер салдарынан да пайда болуы мүмкін.
Алайда дәрігерлердің сөзінше, егер бұл белгілер кенеттен пайда болса немесе әдеттегіден күштірек байқалса, міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет. Әсіресе себепсіз жоғары температура, ауырсыну, жүрек айнумен қатар жүретін қатты түнгі терлеу алаңдатуы тиіс.
“Әр адам үшін қалыпты жағдай қандай екенін түсіну маңызды. Кез келген әдеттен тыс өзгерістер байқалса, дәрігерге жүгіну керек”, – деді дәрігер.
Айта кетейік, бұған дейін Ғалымдар қатерлі ісіктің пайда болу себептері туралы кең тараған мифті жоққа шығарғаны туралы жазған едік.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді