"Қатеге толы жыл болды": Балжан Бидаш әсерлі жазба жариялады
Танымал әнші Балжан Бидаш жаңа жыл қарсаңында есеп берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/bidash_official/
Өнер иесі өткен жылға өкпесі жоқ екенін айтты.
“Бұл жылы мен көптеген қиындықтардан өттім. Олардың әрқайсысы маған мықты әрі тәжірибелі болуға мүмкіндік берді. Бұл өзгерістер, қателер мен табыстарға толы жыл болды. Ол мен үшін өсуге жаңа көкжиектерді ашты. Мен өз кәсібімді ашуға шешім қабылдап, әнші ретінде алға қадам жасадым. Бұл шынайы сынақ болды, бірақ мен тоқтамай, алға жылжығаныма мақтанамын”, – деп жазды әнші.
-
"Қолдан келер шара жоқ": Балжан Бидаш кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың отбасына көңіл айтты
-
"Қандай әйел болғанымды ел көрді": Балжан Бидаш өмірлік мақсатынан сыр шертті
Сондай-ақ қыз-келіншектер қауымын жігерлендіріп, жаңа жылдан жақсы нәрсе күтуге үндеді.
“Менің айналамда мені шабыттандыратын, қолдайтын және бірге өсіп келе жатқан керемет әйелдер бар. Біз, сөзсіз, барлық күш-жігеріміз бен жетістіктеріміз үшін мақтауға лайықпыз. Біз өзімізді қуанта білуіміз керек, өйткені біз өзіміздің ең жақсы нұсқамыз болу үшін көп нәрсе істеп жатырмыз”, – деді эстрада жұлдызы.
Еске салайық, Балжан Бидаш ажырасқан сәтін есіне алып, денесіне түрлі жаралар шыққанын көрсеткен еді.