Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Катарлық инвесторлар елімізге 20 миллиард доллар құяды: Қаржыға жаңа байланыс операторы құрылып, газ өңдеу зауыты салынады

Сенат Қазақстан мен Катар арасындағы ұзақмерзімді стратегиялық серіктестік орнату туралы келісімді мақұлдады. Нәтижесінде катарлық инвесторлар тарапынан елімізге 20 миллиард доллар көлемінде инвестиция тартылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

катар

Фото: pixabay.com

Екі мемлекет арасындағы басым бағыттардағы жобаларды іске асыруға арналған келісімге сәйкес Қазақстанда телекоммуникация, энергетика, транспорт, мұнай-химия, ауыл шаруашылығы мен қаржы саласында жобалар жүзеге асырылады.

Сонымен қатар келісімде мүлікті қайтарымсыз мәжбүрлі түрде тәркілеуден қорғауға арналған норма да қарастырылған. Бұдан бөлек салық режимінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, салық және кедендік жеңілдіктер ұсыну да бар. 

Салалық министрліктің мәліметіне сәйкес аталған келісім бірнеше маңызды жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Соның ішінде жаңа абоненттік байланыс құрылады. Сондай-ақ Қашағанда жаңа газ өңдеу зауытын, "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральдық газ құбырының екінші желісін, Қызылорда облысында электрстанция мен Ертіс су электр станциясын салу да қарастырылған. 

Айта кетейік, бұған дейін "Bereke Bank" катарлықтарға толығымен сатылған еді. 

Талқылау