Балаларды смартфонға тәуелділіктен арылтудың оңай әдісі табылды (видео)
Балаларын смартфонға тәуелділіктен арылтудың ерекше әдісі табылды, деп хабарлайды Stan.kz.
Таиланд тұрғыны баланы телефонға жолатпаудың ерекше әдісін тапты. Ол балаларының әрекетін видеоға түсіріп алған.
«Балаларымның қолынан телефон түспейтін. Мен телефонның экранының негізгі бетіндегі суретті өзгертіп тастадым. Енді балаларым телефонмен ойнаудан қорқады», – деп жазды әйел видео астына.
Видео кадрларынан әйелдің балаларына телефонды ұсынып, ойнап көрулерін сұрағаны байқалады. Алайда балалары телефонды қолына алғысы да келмейді. Мұнан кейін кенжесі анасының айтқанына көніп, телефонды алады. Экрандағы қорқынышты суретті көрген ол жылап қалды.
Оқи отырыңыз:
Ғалымдар қысқа толқынды пештің адамзатқа зиян келтіретінін анықтады
Ғалымдар тауықтардың адамнан да ақылды екенін дәлелдеді
Алматыда автобус жүргізушісін жол бойында ұрған жігіт ұсталды