Каспийді зерттеуге және сақтауға 1,1 миллиард теңге бөлінді

Үкімет Каспий теңізін зерттеу және сақау үшін 1,1 миллиард теңге бөлді. Қаражат “Каспий теңізі Қазақ ғылыми-зерттеу институтына” бағытталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Үкімет мәліметінше, қаржыландыру институттың ғылыми әлеуетін жақсартуға ықпал етеді.
Бөлінген қаржы институттың ғылыми әлеуетін арттыруға жұмсалмақ. Атап айтқанда, теңізде тексеріс жүргізуге арналған жабдықтар сатып алынып, гидробиологиялық және гидрохимиялық зертханалар жаңартылады. Бұл Каспий теңізінің акваториясында кешенді ғылыми бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.
Ғалымдар Каспий теңізі екіге бөлінетінін ескертті: Бұл Қазақстанға қандай қауіп әкеледі?
Ресей мен Қазақстан Каспий теңізі түбімен оптикалық кабель жүргізуді талқылап жатыр
Ғалымдар су айдынындағы гидрометеорологиялық жағдай мен биологиялық үдерістерді жүйелі түрде зерттейді. Бұл зерттеулер Каспий теңізінде болып жатқан өзгерістер туралы ғылыми негізделген деректер қорын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Қазір институт Каспий маңы елдерінің университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтары қауымдастығына мүше болып, халықаралық ғылыми ортаға белсенді кіріп жатыр. Бұл теңіз экожүйесін қорғау бойынша тиімді шаралар әзірлеуге жол ашады.
Қаулыны іске асыру бойынша Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қажет шараларды қабылдау тапсырылды. Ал Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты әрі ашық жұмсалуына қатаң бақылау жүргізеді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Каспийді қорғау үшін түркі мемлекеттерін бірігуге шақырғаны туралы жазған едік.
"Бір ұйықтаса бірнеше күн бойы оянбайтын ауыл": Тылсым "Калачи" туралы не белгілі?