Желіде тартылып қалған Каспий теңізінің видеосы тарады
Фото: Адай Мырзатайдың парақшасынан
Қазақстандық видеограф Адай Мырзатай желідегі парақшасында Каспий теңізінің 2013 және 2025 жылдардағы күйін салыстырған бейнеролик жариялады. 1,5 миллионнан астам адам қараған бұл видеода теңіздің айтарлықтай таязданып кеткені көрсетілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2013 жылғы видеода пирс суға оралған, шағала ұшып жүр, толқындар жағаға соғып жатыр. Ал 12 жылдан кейінгі көрініс мүлде бөлек. Жағалауға көпқабатты үйлер салынған, пирсті енді су емес, бұта-қараған басып кеткен.
"Бұл көпір бәрін ашып көрсететін мысал. Мұнда бір кездері су терең еді. Қазіргіні көріп, жүрек ауырады", – деп жазды желідегі пікір қалдырушылар.
Каспий теңізінің таяздануына су деңгейінің тұрақты төмендеуі себеп болған. Оған жауын-шашынның азаюы, температураның көтерілуі, буланудың артуы, суармалы егіншілікке су алу, бөгеттер мен ластану себеп болып отыр. 2000 жылдардан бері бұл үрдіс үдей түскен.
Бұл жағдайдың салдары ретінде биоалуантүрліліктің жоғалуы (мысалы, Каспий теңізі итбалығы мен бекіре балықтары), таяз сулардың кебуі, кеме қатынасы мен балық аулаудың қиындауы және су ресурстары үшін туындайтын қақтығыстар қаупі бар. Мұндай мәселені шешу үшін халықаралық ынтымақтастық, суды тиімді пайдалану және климаттың өзгеруіне бейімделу шаралары қажет.
Түркістан облысындағы Сайрам су өзені түгелдей тартылып қалды
Еске салайық, бұған дейін Каспий теңізі деңгейі тарихи минимумға – минус 29,21 метрге дейін төмендеді. 1900 жылдан бері су деңгейі 3,5 метрге түскен. Бұл климаттық өзгерістер мен адам әрекетінің (жоғары температура, булану, жауын-шашынның азаюы) салдары. Ғалымдар егер осы үрдіс сақталса, 2050 жылға қарай теңіз деңгейі минус 33 метрге дейін жетуі мүмкін деп болжап отыр.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
