Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Каспий теңізінде итбалықтардың жаппай қырылуы мамандарды алаңдатып отыр

Каспийде қырылып жатқан итбалықтар саны 500-ден асты. Су жануарының өлекселері Ақтаудың маңынан да табылып жатқаны мамандарды алаңдатып отыр. Оған қоса, қырылған аналық итбалықтардың жартысынан көбі буаз екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото сюжет кадрларынан

Алғашқы сараптаманың қорытындысы бойынша су жануарлары балыққа құрылған аудан өлді деген болжам айтылған. Алайда Экология министрлігінің өкілдері нақты себебі қосымша зерттеу жұмыстарынан кейін белгілі болатынын жеткізді.

Қазір теңіз жағасында микробиология және вирусология институтының қызметкерлері су мен топырақтан сынама алып жатыр. Ал, экологтар жыл сайын қайталанатын бұл жағдайға теңіздің ластануы себеп болуы мүмкін дейді. Олар комиссия құрамына тәуелсіз сарапшыларды да тарту керек деп есептейді.



“Мемлекеттік органдармен қатар тәуелсіз сарапшыларды тарту керек деп ойлаймын. Тәуелсіз сарапшылар оны үнемі қоғамдық бақылауда ұстайтын болса, итбалықтардың қырылуын алдын алуға болатын шығар”, – деді "ECOJER" қауымдастығы аймақтық экологиялық кеңесінің төрағасы Әділбек Қозыбақов.

Талқылау