Kaspi.kz Таяу Шығыс елдерінде жүрген клиенттерге қолдау көрсетеді

Kaspi.kz Kaspi Travel арқылы тур немесе барып қайтуға ұшақ билетін сатып алып, қазіргі уақытта Таяу Шығыс елдерінде жүрген немесе сол жерде транзиттік жолаушы ретінде қалып қойған клиенттерге материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдады.
Сол өңірде мәжбүрлі түрде болған кезеңде Kaspi Gold-қа күн сайын материалдық көмек аударылады:
- әр ересек адамға – тәулігіне 35 000 ₸
- әр балаға тәулігіне – 15 000 ₸.
Kaspi.kz тұрақты байланыста болып, өз клиенттеріне қолдау көрсету үшін барлық қажетті шараны қолданады.
Қауіпсіз жерлерде қалып, Республиканың елшіліктерімен және консулдықтарымен байланыста болуларыңызды сұраймыз.

Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі