Kaspi.kz отандық ШОБ-ты ЖИ технологиялары арқылы қалай қолдайды
Шымкентте Қазақстандағы цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында өткізілетін і-шаралар тізбегіндегі ең ірілерінің бірі — халықаралық Digital Qazaqstan 2026 цифрлық форумы өтті. Негізгі тақырыбы "Industry 5.0: Өзара әрекеттесу күші". Форумға ЕАЭО елдері үкіметтерінің басшылары, инвесторлар, сарапшылар, IT-индустрия және бизнес өкілдерін қоса алғанда 3 мыңнан астам делегат қатысты.
Digital Qazaqstan 2026 қатысушылары экономика салаларын іс жүзінде цифрландыру мәселелерін талқылады. Премьер-министр Олжас Бектенов форумның пленарлық отырысының ашылуында жасанды интеллектті дамытудың негізгі бағыттарын атап өтті. Оның айтуынша, институциялық негіз, цифрлық инфрақұрылым және адами капитал.
"Қазақстанда цифрландыру мен жасанды интеллект жаңа экономикалық модельдің негізіне айналып келеді. Сондықтан Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялап, бұл саланың еліміз үшін айрықша маңызын атап өтті. Қазақстан цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті дамыту үшін болжамды әрі тұрақты құқықтық орта қалыптастырып жатыр", — деді Олжас Бектенов.
"Қаржы секторындағы цифрландыру" панельдік сессиясында төлем жүйелері мен қазақстандық банктердің өкілдері финтехтің дамуын, ЖИ шешімдерін енгізуді, цифрлық банкингті, сондай-ақ ЖИ мен цифрлық технологиялардың ықпалымен саланың әрі қарай трансформациясын талқылады.
Kaspi Bank басқарма төрағасының орынбасары Сабыржан Беркінбаев қазақстандық Kaspi.kz инновациялық компаниясы миллиондаған клиенттер мен серіктестер үшін қаржылық және күнделікті қызметтерді біріктіретін цифрлық сервистерді дамытуды жалғастыруда екенін атап өтті. Kaspi.kz мемлекет басшысының жедел цифрландыру мен жасанды интеллектті енгізу жөніндегі тапсырмаларын қолдайды. Компанияның негізгі бағыттарының бірі – ШОБ-ты қолдауға арналған цифрлық және ЖИ технологияларын дамыту.
"Мемлекет басшысы бұл салаға айрықша назар аударып отыруының арқасында Қазақстанда цифрландыру белсенді түрде дамып келеді. Сонымен қатар елімізде жаңа технологияларды қуана әрі белсенді қолданатын жас буын қалыптасқан", – деді Сабыржан Беркінбаев.
Сабыржан Беркінбаев Kaspi.kz әрдайым инновациялар мен технологияларды дамытуға ерекше көңіл бөлетінін айтады.
“Біздің компания цифрландыру саласында мемлекет ұсынған мүмкіндіктерді алғашқылардың бірі болып белсенді енгізе бастады, басты назар — қазақстандықтарға пайда әкелу. Бұл атаулы банк карталарын бірден шығарып беру, QR-код арқылы төлем жасау, телефон нөмірі арқылы аударымдар, цифрлық құжаттар, автокөлікті тіркеу, жүргізуші куәлігін қайта рәсімдеу, бір батырманы басып анықтамалар алу, электронды сауда және тағы басқа көптеген сервистер. Kaspi.kz жаңа инновациялық сервистер мен шешімдерді іске қосуды жалғастыруда. Біз Kaspi Travel арқылы Қазақстан бойынша турларды, Kaspi Alaqan, Kaspi Мейрамханалар, Kaspi Жұмыс сервисін, Kaspi Касса және басқа да көптеген қызметтерді іске қостық", – деп толықтырды Сабыржан Беркінбаев.
Спикер өз сервистерін дамытудағы маңызды бағыттардың бірі ретінде отандық ШОБ-ты қолдау мен ілгерілетуді атады. 2020 жылдың қыркүйегінде Kaspi Pay платформасы іске қосылды. Бүгінде 700 мыңнан астам серіктес өз бизнесін дамыту үшін Kaspi Pay-ді күнделікті қолданады. Олар ашық бизнес жүргізіп, жұмыс орындарын ашып, қаржысын басқарып, сатылымдарын арттырып, салық төлейді.
Сонымен қатар Kaspi.kz қазақстандық кәсіпкерлерге ішінде Kaspi Касса сервисі біріктірілген 700 мың POS-терминалды тегін ұсынды. Kaspi AI – ШОБ-қа арналған жасанды интеллект көмекшісі кәсіпкерлерге өз тауарлары үшін сапалы контент жасауға көмектесіп, сатылымды арттыруға ықпал етеді.
"ШОБ және оны дамытуға қатысты барлық бағыттың әлеуеті өте жоғары. Бұл – Kaspi.kz үшін аса маңызды бағыттардың бірі. Біз сүйікті клиенттеріміз бен серіктестерімізді тыңдаймыз және түсінеміз. Олардың қажеттіліктерін білеміз, сол арқылы біз жасайтын өнімдер пайда болады. Бізде, әсіресе, ШОБ үшін әртүрлі сервистер өте көп: төлем құралдары, қашықтан төлем қабылдау, бөліп төлеу арқылы тауар сатып алу, Kaspi Касса, шоттар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған төлем қабылдау сервистері. Жақында қазақстандық ШОБ-қа Қытайдан тауарларды жеткізумен және барлық қажетті құжаттарды рәсімдеумен бірге сатып алуға мүмкіндік беретін сауда алаңын да іске қостық. Сонымен қатар, біз ШОБ-қа және экономиканың нақты секторына несие ұсынамыз. ШОБ-қа технологияларға өз бетінше инвестиция жасау қиын, бұл өте қымбат. Сондықтан инвестицияны Kaspi.kz салады және кәсіпкерлерге өз технологияларына Kaspi.kz қосымшасы мен Kaspi Pay арқылы қолжетімді болуына мүмкіндік береді", – деді Сабыржан Беркінбаев.
Спикердің айтуынша, Kaspi.kz мемлекет алдындағы стратегиялық міндеттерді шешуге де көмектеседі. Атап айтқанда, қолма-қол ақшасыз айналымды арттыру, мемлекеттік қызметтерді тікелей қосымшаға цифрландыру және интеграциялау, бюрократияны азайту, заңды әрі ашық бизнес жүргізуді ынталандыру, сондай-ақ банк қызметтері мен өнімдеріне қауіпсіз әрі жаппай қолжетімділік қамтамасыз етіледі.
"Біз мемлекет басшысының цифрландыруды дамытуға бағытталған барлық бастамаларын қолдаймыз. Біз клиенттеріміз бен серіктестерімізді құрметтейміз әрі бағалаймыз. Ең бастысы, біздің негізгі миссиямызға сай, клиенттер мен серіктестердің өмірін жақсарту үшін бар күшімізді салуды әрдайым жалғастырамыз", – деп атап өтті спикер.
Қазақстандағы цифрландырудың нәтижесі халықаралық деңгейде де байқалады. Бүгінде еліміз БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамыту индексінде онлайн қызметтердің қолжетімділігі бойынша әлемнің үздік 10 елінің қатарына кіреді.