Таңғы шықтың суын ішіп, қамысты шайнаған: Каспийде жоғалған ғалым 5 күннен кейін табылды
Фото: ТАСС
Каспийдегі елсіз аралда жоғалып кеткен 76 жастағы ресейлік ғалым аман-есен табылды. Айтуынша, ол тірі қалу үшін таңғы шықпен қуаттанып, қамыс шайнаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі TACC басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Астрахань облысындағы Ресей географиялық қоғамы бөлімшесінің жетекшісі Петр Бухарицин Қазақстан шекарасына жақын орналасқан Укатный елсіз аралында экспедиция кезінде жоғалып кеткен. Ғалым картографиялау жұмыстары кезінде жолдан адасып қалған. 19 сәуірден бастап оны еріктілер мен федералды қауіпсіздік қызметі іздестіріп келді. Алайда ауа райының қолайсыздығы мен өсімдіктердің қалың болуы іздеу жұмыстарына кедергі келтірді. Ғалымды іздегенде ұшқышсыз аппаратты қолданған, бірақ қатты жел іздестіру жұмыстарын қиындатқан.
Араға бес күн салып Бухарицин аралды кезіп жүрген жерінен табылды. Ол таңғы шықпен күш жинап, қамысты шайнаумен болған. Океанолог медициналық көмектен бас тартып, өзін жақсы сезінетінін айтты.
Еске салайық, Бухарицин қатысқан "Опат кемелердің құрметіне" атты тарихи-географиялық экспедиция Жеңістің 80 жылдығына арналды.

"Оқушылармен бір vibe-тамын": Желіде тренд түсірген мектеп директоры жұрттың ықыласына бөленді
