Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Kaspi компаниясының құрылтайшысы Вячеслав Ким Jusan Bank-ті сатып алуға рұқсат алды


Фото: Jusan Bank

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Вячеслав Кимге Jusan Bank-ті сатып алу бойынша рұқсат берді. 

Осыған дейін Мадина Абылқасымова Вячеслав Кимнің Jusan Bank-ті сатып алу туралы өтініші Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің алдағы басқарма отырысында қаралатынын айтты. Бұл отырыс мамыр айының соңында өтуі тиіс еді. Өтінішті қарау мерзімі 9 маусымда аяқталды.

Ақпан айында белгілі болғандай, Kaspi.kz-тің акционері және басқарма төрағасы Вячеслав Ким Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Jusan Bank-тің 97,5% акциясын сатып алу өтінішін жолдағанын мәлімдеген еді. Сол кезде бизнесмен бұл мәміле Kaspi компаниясымен байланысты еместігін атап өткен.

Артынша Jusan Bank атауын Alatau City Bank деп өзгерткендігі белгілі болды. Бұл өзгеріс 15 мамыр 2025 жылы өткен банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында бекітілген. Банк басқарма төрағасы Қуат Қожахметов Jusan Bank атауын өзгерткеннен кейін де универсалды банк болып қала беретінін және өзінің жұмыс бағытынан ауытқымайтынын айтты.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 02 Маусым, 2025 20:12
Талқылау