Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәсіпкер Қайрат Құдайберген мәслихат депутаты атанды

Танымал қазақстандық кәсіпкер Қайрат Құдайберген “Нұр Отан” партиясының Алматы қалалық мәслихат депутаты атанды. Ол бұл туралы оқырмандарынан сүйінші сұрап желідегі парақшасында хабарлады.

Айта кетейік, мәслихат депутатына сайлау 25 наурызда өтті.

“Құрметті достар! Алланың қалауымен, сіздердің қолдауларыңызбен, Алматы қаласының мәслихат депутаттығына сайлауда мен жеңіске жеттім (Нұр Отан партиясынан қозғалдым)! Алдағы мақсаттар өте ауқымды, бірақ бір жағадан бас болсақ нəтижеде күттірмейді деп ойлаймын. Тек қана алға!”, – деп жазды кәсіпкер.

Оның айтуынша, енді кәсіпкер Алматы қаласы, Жетісу ауданының дамуына қызмет етеді.

Тағы оқыңыз:

Өздері ақша тапсын: Миллионер Қайрат Құдайберген балаларына ақша беруден бас тартты

 

Талқылау