Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәсіпкер ретінде тіркелмей, шетелден көп тауар алдыратын қазақстандықтарға айыппұл салынады

Енді шетелден үлкен көлемде тауар алдырсаңыз кәсіпкер ретінде тіркелуіңіз керек. Өйткені жеке тұлғаларға бір жылда бірнеше ғана зат сатып алуға рұқсат. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Қазақстандықтар жеке тұлға ретінде шетелден санаулы зат ала алады. Мәселен бір жылда 1 көлік, 2 ұялы телефон, 1 компьютер және планшет пен велосипед сияқты тұрмысқа қажет дүниелерді ала алады.

Егер белгіленген мөлшерден асып кетсе, 150 АЕК, яғни 590 мың теңге айыппұл арқалайды. Сондай-ақ тауардың салмағына да мән берген жөн. Себебі затыңыз белгіленген нормадан асса, тағы ақша төлейсіз.



“Шетелден келетін тауардың салмағы мен санына баса мән беру қажет. Мысалы, тауар жүк тасымалдаушымен немесе халықаралық поштамен келсе, онда жүктің салмағы 31 келі, құны – 200 еуро (105 мың теңгеден астам). Егер сіз құны 500 еуродан асатын тауарларды әкелсеңіз, онда тауар құнының 30%-ы төленеді”, – деді қаржы министрлігі кедендік бақылау департаментінтінің бас сарапшысы Медет Меделбай.

Еске салсақ, бұған дейін шетелдік маркетплейстерден алынатын тауарлар декларацияланатыны айтылған еді. 

Талқылау