Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өткен әскери парадқа қатысты (видео)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде Жеңіс күніне арналған әскери парадқа барды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше президент Жеңістің 78 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа барып, Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.
“Парадта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Ресей Президенті Владимир Путинмен қатар Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян болды”, – делінген жазбада.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі