Қасық ұстай алмайды: Ақтөбеде аштықтан өлімші күйге түскен мүгедек бала құтқарылды
Ақтөбеде прокурорлар церебралды сал ауруына шалдыққан баланы тапты. Белгілі болғандай, анасы 11 жасар ұлын алкоголь ішетін ата-анасына тастап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Timeskz.kz-ке сілтеме жасап.
Отбасының мәселесі Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің прокурорлық тексеру кезінде белгілі болды. Прокурор дәрігер мен полицеймен бірге дереу мекен-жайға аттанды. Анасы баласын ата-әжесіне апарып, өзі жоғалып кеткені белгілі болды. Тәртіп сақшылары келгенде, атасы мен әжесі мас күйде болған, ал 11 жастағы бала аштықтан әлсіреп кеткен.
Бірнеше күн бойы мүгедек бала ештеңе жемегені анықталды.
«Біз баланың анасы дұрыс өмір салтын ұстанбайтынын білдік. Ол баласын алкоголь ішетін ата-анасына қалдырды», - дейді Ләззат Тайланова,
Бала «Жайна» мүгедек балаларға арналған оңалту ауруханасына орналастырылды. Қазір ананы ата-ана құқығынан айыру мәселесі шешілуде.
«Балада церебральды сал ауруы бар. Ол тіпті қасықты ұстап тамақ жей алмайды. Нан ғана жей алады. Біз оны тамақтандырамыз, қамқорлық жасаймыз», - деді «Жайна» ауруханасының директоры Нұрила Жарболова.