"Қасиетті жазба емес қой": Президент Салық кодексіне өзгеріс енгізуді тапсырды

Ұлттық Құрылтайдың бесінші отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев көптің сынына қалған жаңа Салық кодексіне қатысты тапсырма берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент үкімет пен жергілікті атқарушы органдар "фискалдық транзиттің" бірқалыпты әрі қақтығыссыз өтуін қамтамасыз етуге міндетті екенін атап өтті.
“Жаңа Салық кодексін қолдануға қатысты қоғам тарапынан айтылған барлық орынды, сындарлы ұсыныстарды мұқият зерделеп, қажет болған жағдайда түзетулер енгізу керек. Қысқаша айтқанда, бұл қасиетті жазба емес қой”, – деді ол.
Сондай-ақ ол қоғам трансформациясы жағдайында тиімді кері байланыс арналарының маңызы ерекше екенін айтып, азаматтардың өтініштерімен жүйелі жұмыс істеу халықтың нақты қажеттіліктерін білуге, олардың талап-тілектеріне дер кезінде жауап қатуға мүмкіндік береді деді.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті