Қаржы вице-министріне сот шешімін орындамағаны үшін айыппұл салынды

Қазақстанның қаржы вице-министрі Дәурен Кеңпейілге 78 640 және 196 600 теңге көлемінде айыппұл салынды. Лауазымды тұлғаның айыппұл арқалауына сотты құрметтемеу және сот актісін орындамау себеп болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәліметке сәйкес, бұл істің басталуына мемлекеттік сатып алу себеп болған. Жеткізуші конкурсқа қатысты құжатпен келіспей, сотқа жүгінген. Іс жарты жылдан астам уақытқа созылған. Алайда сот кәсіпкердің пайдасына шешім шығарып, Қаржы министрлігіне заң бұзушылық жасамау туралы ескерту айтылған.
Астанада Джей Лоның концертінде шу шығарған полицейдің әйелі тек айыппұлмен құтылып кетті (видео)
2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды
Мұндай жағдайда сот мемлекеттік органның атына жеке ұйғарым шығарып, нақты шаралар қабылдауды талап етеді. Ең бастысы атқарылған жұмыс туралы сотқа есеп беру міндетті. Бірақ Қаржы министрлігі бұл жеке ұйғарымға мән бермей, белгіленген мерзімде сотқа ешқандай есеп тапсырмаған.
Әкімшілік сот жауаптың болмауын сотты құрметтемеу және сот шешімін орындамау деп есептеген. Істер Жаңа жыл қарсаңында қаралып, мемлекеттік сатып алуға жауапты вице-министрден сұралған. Алайда ол нақты жауап бере алмаған. Осылайша вице-министрге 20 және 50 АЕК (2025 жылмен: 78 640 және 196 600 теңге) көлемінде айыппұл салынған.
Қаңтардың соңында Дәурен Кеңпейіл бұл айыппұлдарға шағым түсіруге тырысқан. Алайда ол жеке өзі емес, Қаржы министрлігінің мүддесін қорғайтын заңгер арқылы әрекет еткен. Сот министрлік пен вице-министр бір тұлға емес екенін, айыппұл жеке Дәурен Кеңпейілге салынғанын айтып, уәжді қабылдамаған. Сот айыппұлдарды төлеуді талап етіп отыр.
Нәтижесінде, вице-министр бюджетке 275 мың теңгеден астам қаражат төлеуге тиіс.
Айта кетейік, бұған дейін Қызмет орнында TikTok-тың тікелей эфиріне шыққан әскери қызметкерге айыппұл салынғаны туралы жазған едік.
Қазақстандық қария 67 жылдан кейін бауырымен қауышты: Олар бір-бірін TikTok арқылы тапқан