Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаржы полициясының экс-басшысы Қожамжаровқа қатысты тергеу басталды

тергеу басталдыФото: senate.parlam.kz

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бас прокуратура мәліметінше, оның "басшылық қызметте болған әртүрлі кезеңдерінде қызмет бабын асыра пайдалану, қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру фактілері бойынша тергеу басталды".

"Барлық қылмыстық істер бойынша арнайы прокурорлардың жетекшілігімен жедел-іздестіру топтары құрылды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді", – делінген хабарламада. 


"Мәсімов пен Қожамжаров тергеуге ықпал етті": Депутат Бәпи ЭКСПО ісі бойынша сотталған Ермегияевті заңсыз сотталды деп есептейді


Қорғас ісі: Қожамжаровтың қол астындағы тағы бір қызметкері қамауға алынды


Қайрат Қожамжаров – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы төрағасы. Бұған дейін Қазақстан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы, қаржы полициясының генерал-майоры. Әр уақытта Ақмола облысының әкімі, Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болды.

Бұған дейін, шілде айының басында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Талғат Татубаевтың ұсталғаны белгілі болды. Ол азаптау бойынша кінәлі деп танылды. Кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы және қадағалау органдарында жоғары лауазымдарды атқарған Олеся Кексель азаптау бойынша күдіктіге айналды. Алайда Талғат Татубаевтың ісінің Олеся Кексельге қатысты тергеуге қатысы бар-жоғы белгісіз. Татубаев та, Кексель де бұрын Қожамжаровтың бригадасында жұмыс істеген. 

Сонымен қатар, бір күн бұрын бұл қызметке сол кезде Бас прокурор қызметін атқарған Қайрат Қожамжаровтың бұйрығымен тағайындалған Қазақстанның бұрынғы көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланған еді.

Жұмаділлә Нұрила
Сенбі, 06 Қыркүйек, 2025 12:37
Талқылау