11 миллиард теңге жымқырған: ҰҚК Проблемалық кредиттер қорының бұрынғы басшысын ұстады

Қаржы министрлігінің "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Даулет Бақберген ұсталды. Ол мемлекетке өтуі керек мүліктердің сатылымнан кейінгі ақшасын өзіне алып, 11,4 миллиард теңге залал келтірді деп айыпталуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Проблемалық кредиттер қоры" – Қаржы министрлігінің еншілес ұйымы. Ол екінші деңгейлі банктерден алынған активтерді қайта сатумен айналысады. Жұмыс принципі банктерде иесі қарызын өтей алмаған кәсіпорындар болуы мүмкін. Мұндай зауыттар мен фабрикалар қорға өтеді. Оны жөндеп, кейін аукционға шығару керек. Алайда Қордың жұмысы депутаттар мен сарапшылардан жиі сынға ұшырады. Көпшілік ұйым неге аз пайда табатынына таң қалған. Себебі оның балансында көптеген нысандар бар.
Kozachkov offside Telegram арнасының мәліметінше, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы басқарма төрағасы Даулет Бақбергенді Астанадан ұстап, Алматыға жеткізген.
Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу материалдарына сәйкес, ол мемлекетке өтуі керек кепіл мүлікті сатудан түскен ақшаны заңсыз алған. Нәтижесінде мемлекетке 11,4 миллиард теңге залал келген.
“Бұдан бөлек, ол мемлекеттік мүлікті төмендетілген құнмен сатқан. Осының салдарынан бюджетке 1,3 миллиард теңгеден астам қаражат түспей қалған. Сондай-ақ ол құжаттарды қолдан жасап, кепілге қойылған жер учаскелерін заңсыз сатып алған. Нәтижесінде қорға 800 миллион теңге залал келген, ал борышкер компаниялардың меншік иесі мен оның сыбайластары ұсталды”, – делінген хабарламада.
Соттың санкциясымен олар қылмыстық кодекстің 190 және 361-баптары бойынша қамауға алынып, мүлікке тыйым салынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты