Қаржы министрлігі республикалық бюджет шығынын 62 млрд теңгеге арттыруды жоспарлап отыр
Қаржы министрлігі республикалық бюджет шығынын 62 млрд теңгеге арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz
Республикалық бюджетте 2024-2026 жылдарға арналған бюджет тапшылығы 3,534 триллион теңгеге немесе жалпы ішкі өнімнің 2,6 пайызына тең болады деп жоспарланған.
“Бычий звоночек” Telegram-арнасының дерегінше, қаржы министрлігі "НҚА" сайтында жариялаған құжатта бюджет тапшылығын 62 миллиард теңгеге ұлғайтып, ол 3,596 триллион теңгеге немесе жалпы ішкі өнімнің 2,7 пайызына тең болады деп көрсеткен.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, Ұлттық қордан мақсатты трансферттерді қосымша тарту есебінен бюджет кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) қысқарған. 2023 жылға арналған бюджеттегі артылған қаржыны пайдалануға байланысты республикалық бюджет көрсеткіштері түзетілмек.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты