Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марқұм Шерзат Болаттың әкесінің беті неге көгерді – Отбасының адвокаты жауап берді

Талғардағы Шерзат Болаттың ісі бойынша отбасылық адвокаты Саида Тәукелова журналист Вадим Борейкоға берген сұхбатында істің қай сатыда жүргізіліп жатқанына тоқталды. Сонымен қатар марқұм Шерзаттың әкесі қай уақытта бет жарақатын алғанын анықтап айтып берді. Ал журналист Бауыржан Әленовтың жаңа қызметке тағайындалу сәтіндегі кейбір ақпараттарға назар аудартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеокадрдан скринделген

Журналист Вадим Борейко жәбірленушілердің адвокаты Саида Тәукеловамен сұхбатында ішкі істер министрі Бауыржан Әленовтың қызметке тағайындалу сәтіне күдікпен қарады

“Брифинг кезінде журналистердің бірі министрдің орынбасары 7 қазанда “Шерзатты өлтіріп кеткеннен кейін” 3 күн өткен соң бірден лауазымды қызметке тағайындалғанын айтты. Ал бұл қылмыс Бауыржан Әленов Алматы облысы полиция департаментінің басшысы қызметінде отырған кезде болды. Іле-шала журналист істің әділ өтуіне қатысты сұрақ қойды. Алайда осы кезде Әленов жауаптан қашты. Осы сәтте мынадай сұрақ туындайды. Сізге Қаржаубай Нұрымов қашан өтініш тастады?”, – деді Вадим Борейко.

Саида Тәуекелова марқұмның әкесі істі Талғардан Қонаевқа ауыстырмайтын тұрып, бір күн ішінде ұсыныс тастағанын айтты.

“Істі 7 қазанда Қонаевтағыларға табыстады. Бұл уақытта Қаржаубайдың өзімен және оның отбасымен кездесіп, тілдестік. Ал 8 қазанда тергеу материалдарымен таныстыру жұмыстары жүргізілді”, – деп жауап берді адвокат.

Журналист адвокатқа бір күн ішінде қаншама оқиға болғанын айтты. 

“Біріншіден, Әленовті ішкі істер министрінің орынбасары етіп тағайындайды. Екіншіден, Қаржаубай және оның туыстары Талғардағы әкімдік қарайтын басты жолды жауап тастайды. Мұнда олар митингке шығып, әділ жазаны сұрайды. Одан кейін іске сіздер қосыласыздар. Еске сала кетейін, Әленов Талғардағы бұрынғы жағдайды білмейді деуге сену қиын. Себебі ол бұрынғы қызметіне 2 жыл 2 ай отырды. Ал оның тағандалғаннан кейін бірден тергеу барысына араласып, істі жеңілдеткісі келді”, – деді Вадим Борейко.

Бұл сұраққа адвокат нақты жауап бермеді. 

“Қазір сот алды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ашық сот барысы туралы нақты айту әлі ерте. Себебі тергеу барысы айтарлықтай көп уақытты алатынын айту кету керек. Егер жәбірленуші жақ бұған қарсылық танытпаса, ашық сот отырысын өткізуді сұраймыз. Дәл осы тұста біз жәбірленуші тарапты қолдаймыз. Бұл іс қоғамда резонанс тудырғандықтан сот барысы тез өтетініне сенімдімін. Себебі “Өртті қасақана ұйымдастыру” ісіндегі 7 экспертиза да тез ұсынылды. Тіпті оның нәтижесі дайын тұр, – деді Саида Тәукелова.

Сонымен қатар ол сұхбатта Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты отбасы қазіргі уақытта күзетпен қамтамасыз етілгенін және көгерудің себептерін айтты. Оның айтуынша, салыстырылған фотолардың әртүрлі жарықтандыру, ракурс және уақыт аралығында жасалғанын ескеру қажет. 



"Сынған мұрын 4 қазанға байланысты оқиғалардың салдары. Қаржаубай өз баласын қорғауға тырысқанда жарақат алды. Анатомиялық тұрғыдан, бетке тиген соққылардың ісінуі мен көгеру іздерінің пайда болуы уақыт алады. Бұл әр адамның терісі мен жағдайына байланысты. Осы жағдайға байланысты қауесеттер мен шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратпау үшін сенімді дереккөздерге сүйенуді ұсынамыз. Жаңа фактілер анықталған кезде хабарлаймыз", – деп түсіндірді Саида Тәукелова.

Қаржаубай Нұрымовтың айтуынша, бетіндегі көгеру іздері алғашқы төбелес кезінде қалған.

"Өткенде дүкенде баламды арашалап жүргенде, төбелестің кезінде бетіме соққылар тиді. Сол уақытта бетіме, мұрныма жарақаттар келді. Кейіннен барып бұлап көгеріп, ісіді. Бірден пайда болған жоқ. Қазір басылды, себебі мұз қойдық, дәрі жақтық. Қазір менде бәрі дұрыс", – деп жауап берді видеода Қаржаубай Нұрымов.

Бұған байланысты “Қаржаубай Нұрымовты әлдекімдер тағы да қорқытып жатыр ма?” Бақыт есімді қарындасына хабарласып, сұрап көрдік. 

“Елден кетемін деген видеосын көрген шығарсыздар. Шынымды айтсам, бізге де ешнәрсе айтпай жатыр. Қорқытқаны факт. Өткенде айтып едім ғой. Түрмеде отырған Ержан ағама хабарласып, “мына істің бәрін тоқтат немесе балаңның қасынан молаңды қаза бер” деп айтып қорқытқан. Соны айтты, екі күннен кейін үйді өртеп жіберді. Нақты үйді солар өртеп, өртемегенін білмеймін. Мүмкін оларға бұрыннан тісін қайрап жүрген біреулер өртеп кетіп, осылардан көрсін деп ойлады ма екен… Ал бетінің көгеруіне байланысты оның мұрны бұрыннан қисық. Ал беті сол төбелестен кейін ісіп тұрды”, – деді Бақыт.

Еске салайық, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмған еді. Кейіннен жағдайдың мән-жайы анықталды. Жанжал жасөспірімнің отбасы жұмыс істейтін дүкенде басталған. Туыстарының айтуынша, сауда нүктесіне келген сатып алушы сыра алып, ақшасын төлеуден бас тартқан. Сондай-ақ Шерзат Болаттың үйін белгісіз біреулер өртеп кеткені туралы жазған едік. 

Талқылау