Картоп қуырмақ болған Көкшетау тұрғыны көз жұма жаздады
Көкшетаудағы жатақханалардың бірінде өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

13 тамыз күні төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Көкшетаудағы жатақханалардың бірінде төртінші қабаттың терезесінен түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің күштері жіберілді.
"Оқиға орнына барған құтқарушылар терезесінен түтін шығып жатқан жатақхана бөлмесінің есігі жабық екенін анықтады. Есікті ашқан соң түтіннің шығуына тамақтың жануы себеп болғаны, ал бөлме иесінің ұйықтап қалғаны анықталды. Құтқарушылар оны сыртқа шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды", – делінген хабарламада.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы Атакент сауда орталығының маңында өрт шыққаны туралы жазған едік.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"