"Қартайып кеткен Мейрамбек": Ұланғасыр Қами Мейрамбек Бесбаевқа ұқсайтын азаматты көрсетті
Танымал әнші Ұланғасыр Қами өнердегі әріптесі Мейрамбек Бесбаевқа ұқсайтын тыңдарманын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі халықтың арасында ән салып тұрған видеосын жеке парақшасына жариялады.
"Мейрамбек Бесбаев ағамызға қатты ұқсайды екен", – деп жазды Ұланғасыр Қами.
Ал кадрда бой көрсеткен ер адамның аты-жөні Ерлан Нұртазаев болып шықты. Ол Ұланғасыр Қамидің жазбасына пікір қалдырды.
"Ассалаумағалейкум. Мен Мейрамбек Бесбаев емеспін, Ерлан Нұртазаев", – деді ол.
Желі қолданушылары жарыса пікір жазып, сүйікті әншілеріне ұқсатып жатыр.
“Мейрамбекті көргендей болдық”, “Қартайып кеткен Мейрамбек”, “Қатты ұқсайды екен”, “Осы кісіні тауып, Мейрамбек ағамызбен кездестіріңізші", "Не деген ұқсастық", "Хит болады енді бұл кісі", "Аумайды екен", – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, “Әйелдерін хиджаб кимегені үшін өлтіріп жатыр" деген әнші Ұланғасыр Қамидың басы дауға қалды.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты