Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қартайған шағында жалғыз үйінен айрылмақ": Алматыда алаяқтар белгілі професорды алдап баспанасын сатып жіберген

Кәкен Хамзин жалғыз үйінен айырылмақФото: Farabi Media - KazNU  сюжет кадрларынан скрин

Алматыда алаяқтар журналист, профессор Кәкен Хамзиннің үйін алдап, сатып жіберген. Олар өздерін Ұлттық қауіпсіздік комитетіненбіз деп таныстырып, профессорға қысым көрсеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы қоғам белсендісі, журналист Айбар Олжаев мәлімдеді. 

“Кәкен Қамзин қартайған шағында жалғыз үйінен айрылмақ Алаяқтар ардагер журналист, профессордың сенгіштігін пайдаланып кинодағыдай әрекет еткен. Алдымен Энергосбыт адамдары ретінде хабарласып, мекен-жайы, ЖСН, пәтері туралы ақпаратты біліп алған. Артынан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің атын жамылып хабарласып, біреулердің үйін тартып алайын деп тұрғанын айтып, тез үйін сатуға көндірген. Ал ақшаны Ұлттық банктің арнайы шотында сақтайсыз деп алдаған. Профессор нотариус арқылы үйін сатып, ақшаны алаяқтар жіберген курьерге бере салған”, – деді ол.

Қазір Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция департаментінде қылмыстық іс қозғалған. Алайда Айбар Олжаев бұл іске биліктегілердің назар аударуын сұрады.



“Алматы қаласының Полиция департаменті осы резонансты іске барынша жұмылуды сұраймын. Ішкі істер министрі, құрметті Ержан Саденов осы істі жеке бақылауға алсаңыз нұр үстіне нұр болар еді.

Сот арқылы үйді сату мәмілесін заңсыз деп тану үшін адвокаттардың көмегі керек. Сыйлайтын ағамыз Абзал Құспан кәсіби кеңес берсе үлкен көмек болады. Парламент депутаттары, профессор шәкірттері Жанарбек Әшімжан Нартай Сарсенгалиев Мақсат Толықбай, арда журналист Ермұрат Бәпи осы істі назарға алып, үлкен резонанс туғызса профессорды қорғай аламыз.

Дәл қазір Кәкен Қамзин жалғыз, үйінде баррикада құрып бекініп жатыр. Пәтерді сатып алғандар кешке, түнде келіп қоқан-лоққы көрсетуде. Іс насырға шауып барады”, – деп қорытты ол. 

STAN.KZ
Сенбі, 05 Шілде, 2025 12:45
Талқылау