Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қарсыласын 4 рет тістеп алды": Ангелина Лукас IBO белбеуін әділетсіз жеңіп алды деп айыпталды

Боксшы Ангелина Лукас IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын әділетсіз жолмен жеңіп алды деп сотқа шақырылып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Іnstagram.com/angelina_lukas

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (11-1, 5 КО) аргентиналық Дебора Лопеспен (21-3-1, 1 КО) болған жекпе-жекте жеңіске жетіп, IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын иеленді. Жекпе-жек Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп, Лукас төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен 97-92, 95-94, 95-94 есебімен жеңді.

Қазақстанда Лукас IBO титулын жеңіп алғаны үлкен қуанышпен қарсы алса, ал Аргентинада қарсыластарының бұған көңілі толмаған. Әсіресе аргентиналық порталдар төрешілердің жұмысын әділетсіз деп сынға алды. 

Tim Boxeo порталының хабарлауынша, Лопес алтыншы раундта желкеге ұрғаны үшін бір ұпайынан айырылған. Ал Лукас Лопесті 4-5 рет тістеп алғанына қарамастан, оған ескерту жасалмаған.

Лукас жекпе-жектен кейін Instagram парақшасында бұл жеңісін өз командасына, жанкүйерлеріне және өз еліне арнағанын айтты. Ол 10 раунд бойы жеңіс үшін күрескенін және бұл жеңісті қан мен тер арқылы жеңіп алғанын жеткізді.

Атап өтсек, Лукасқа дейін де оның WIBF және WBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулері болған, алайда IBO тұжырымы – кәсіби бокста беделі жоғары ұйымдардың бірі.



Еске салайық, бұған дейін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары тартысты ойын көрсетті. Алайда қырғызстандық жанкүйерлердің ойын нәтижесіне көңілі толмағанын жаздық. Қазақстан құрамасы Қырғызстан командасын 4:5 есебімен жеңіп, ел қоржынына алтын медаль салды. Бірақ қырғыз ағайындар ойынның әділетсіз өткенін айтып, төрешіні жерден алып, жерге салды

Талқылау