Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарыз алып, пітір садақа беруге болмайды – Бас мүфти

Астанада өткен баспасөз мәслихатында бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы пітір садақаға қатысты ой қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: muftyat.kz

Айта кетейік, пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілген еді. 

“Бір нәрсені түсінуіміз керек. Қарызға батып, садақа бермейді. Шамасы келген адам ғана береді. Осыны жақсылап біліп алайық. Біздің дініміздің кереметтілігі сондай адамдардың жағдайына қарайды. Тіпті, ауызашар бермеген адамға күнә жазылмайды. Ауызашар беру сауапты іс саналады. Берсеңіз сауап, жағдайыңызға қарап бермесеңіз де болады. Ол үшін күнә арқаламайсыз. Қалтаңыз көтермесе пітір садақа да бермеңіз, ауызашарға да шақырмаңыз. Шариғат оны міндеттемейді”, – деді Бас мүфти. 



Еске салайық, Наурызбай қажы Тағанұлы діни атауларды қазақ тілінде айтуды ұсынған еді. 

“Кейбір жастардың ауызашарды "ифтар", сәресін "сухур" деп атауы қынжылтады. Бабаларымыз сан ғасыр бойы өз тілінде ауызашар, сәресі деп айтып келді. Біздің міндет – осы дәстүрді сақтау, ана тілімізге құрмет көрсету. Діни ұғымдар мен дәстүрлерді өз тілімізде жеткізу – ұлттық құндылықтарымызды дәріптеудің бір жолы”, – деген еді дін өкілі. 

Талқылау