Карина Абдуллина жас жігіттерді ғашық ететінін айтып мақтанды
“Мюзикола” тобының бұрынғы әншісі Карина Абдуллина жасандылықты ұнатпайтынын айтты. Ол қарапайымдылығы мен шынайылығының арқасында жас жігіттерді “талдыратынын” айтып мақтанды.
Карина өзі туралы жазбасымен Facebook-тегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz.
«Мен ернімді үлкейтіп, қасыма татуаж жасатпаймын, кеудем де табиғи, өзімдікі, жасанды кірпік жабыстырмаймын. Диета ұстап, өзімді қинамаймын және сәндегі емес, өзіме ыңғайлы киімді киемін.
Содан кейін маған жас жігіттер көз салады, ал ол маған ұнайды.
Мен тыңдармандарымның жүрегіне жететін әндер жазып, орындаймын. Таро арқылы адамдарды тани білемін, сол арқылы оларға кеңес беріп, көмектесемін. Құдайлардың маған қаншалықты көп нәрсе бергенін түсініп, сол үшін алғыс айтудан шаршамаймын», – деп жазды Карина Абдуллина.
Жіберіп алмаңыз:
Салтанат Қалиева: Біз еркек сияқты болып кеткендіктен, олар әйел сияқты болып барады
Есекке отырып видеоға түскен Төреғали жұртты күлкіге қарық қылды (видео)
Сәкен Майғазиев 40-тан асқанда көрген қызының «жекеменшігіне» айналғанын айтып күлдірді
Мақпал Жүнісова өзі ұқсап ән салатын тотықұсын көрсетіп мақтанды (видео)