Кәрім Мәсімовтың әртүрлі шұлықтары желіде трендке айналды (фото)
Инстаграм қолданушылары Кәрім Мәсімовтың әртүрлі шұлықтарына байланысты, екі түрлі шұлықтары бар суреттерді жариялап жатыр.
Үкімет басшысы “Астана-Дуатлон-2016” спорттық акциясы аясындағы марафонға әртүрлі шұлықтар киіп шығып жұртшылықты таңқалдырған еді.
Қолданушылар “носкимасимова”, “свободуноскам”, “какмасимов” және “ямасимов” хэштегтерімен суреттер жариялады.
“Астананың күшті үйлерінде қазір осылай киеді екен. Бұл флешмобты қолдаймыз”, – деп жазады Nurul Rakhimbek есімді қолданушы.
“Өмірімде бірінші рет флешмобқа қатысып жатырмын”, – дейді Ержан Емелев.
Бірқатар желі қолданушылары, премьер-министр осы әрекеті арқылы “сәттілікке” шақырады деп есептейді.
“Түсі әр түрлі шұлықтар туралы ма…Менің қызым ағылшыннан емтиханға дайындалғанда, оның ұстазы сәттілік үшін ырымдап әртүрлі шұлықтар киетінін айтты. Менде ол мұртты кісі марафонды жеңуді ырымдаған шығар деп ойлаймын. А может просто көз тимесін деп кигенски?” – дейді Айнұр Коскина.
Инстаграм қолданушысы omalsheva да өз шұлықтарын суретке түсіріп салды. Оның шұлықтары Мәсімовтың ақ-қара түсті шұлықтарына қарағанда біраз көңіл көтереді.
Жаңа сән дереу арада әзіл мен талқылауға ұласып кетті. Үкімет басшысының шын мәнінде неліктен әртүрлі шұлықтар киіп шыққаны белгісіз. “Астана-Дуатлон 2016” сайысы туралы Кәрім Мәсімов өзінің Инстаграмдағы жаңа парақшасында жариялады. kmassimov аккаунтындағы бұл алғашқы жазба.