Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәрім Мәсімовтің тағы бір орынбасары тұтқындалды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әзірге, оған қандай айып тағылып отырғаны белгісіз.

"Сот оны қамауға алу туралы шара қабылдады. К.Мәсімов, А. Садырқұлов және Д. Ерғожинге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданғанын хабарлаймыз. Қылмыстық іске "өте құпия" деген белгі берілді", - деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік қызметі.  

Сондай-ақ басқа сотқа дейінгі тергеу деректері жария етілмейтіні айтылды. 


"Ең бастысы – мемлекетке және президентке деген адалдық": Кәрім Мәсімовтің ұсталған орынбасары туралы не білеміз?


Дәулет Ерғожин 1978 жылы Алматыда туған. Бұрын қаржы вице-министрі, мемлекеттік кірістер комитеті төрағалығы лауазымдарын атқарған.

Бұған дейін ҰҚК төрағасы орынбасары қызметін атқарған Әнуар Садықұлов бұрынғы ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовпен бірге мемлекетке опаздық жасады деген күдікпен қамалғаны белгілі болған еді. 

Айта кетсек, 6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов қамауға алынған болатын. Қылмыстық кодексте мемлекетке опасыздық жасау әрекеті үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Талқылау