Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қарым-қатынастың жаңа деңгейі”: Тоқаев пен Ердоған Анкарада не туралы сөйлесті

“Қарым-қатынастың жаңа деңгейі”: Тоқаев пен Ердоған Анкарада қандай келісімге келді

Фото: Ақорда

Түркия Республикасына ресми сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкарадағы президент сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстан президентінің сапарына орай Құрмет қарауылы сап түзеді.  Сарайға келген сәтінде мемлекет басшысының кортежін салт атты гвардия бастап жүрді.

"Қасым-Жомарт Тоқаевты Режеп Тайип Ердоған қарсы алды. Қазақстан мен Түркияның мемлекеттік әнұрандары шырқалып, зеңбіректен 21 рет оқ атылды. Екі елдің басшылары Құрмет қарауылының алдынан жүріп өтіп, бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Одан соң мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізді”, – делінген Ақорданың хабарламасында.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен келіссөз жүргізді

"Тоқаев Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту перспективасын жан-жақты талқылады. Сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға баса мән берілді”, – делінген хабарламада. 

Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытқаны үшін Түркия Президентіне алғыс айтты.

Режеп Тайип Ердоған екі ел арасындағы қарым-қатынасты жаңа әрі сапалы деңгейге шығаруға дайын екенін растады.

Кездесудің алдында Қасым-Жомарт Тоқаев Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесін зиярат еткен болатын.

"Қазақстан президенті Анытқабір кесенесіне жерленген ұлы қайраткердің рухына тағзым етіп, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркияның достығы нығая беретініне сенім білдіріп, бауырлас түрік халқының өсіп-өркендеуіне тілектестігін жеткізді”, – делінген ақпаратта.

Гүл шоғын қою рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясының мүшелері де қатысты.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 29 Шілде, 2025 20:23
Талқылау
`