Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қарым-қатынасымызға кедергі келтіретін факторлар жоқ": Путин Қазақстанды ең жақын одақтас деп атады

путин

Фото: Риа Новости

Ресей президенті Владимир Путин Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында ірі халықаралық ақпарат агенттіктерінің басшыларымен кездесіп, Қазақстанмен қарым-қатынасы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды. 

Путиннің сөзінше, екі ел арасындағы одастастық қарым-қатынас берік.

“Біз Қазақстанмен ерекше қарым-қатынастамыз. Бұл анық, мұны бәрі жақсы түсінеді. Тарихымыз ортақ, біртұтас мемлекеттің құрамдас бөлігі болдық. Адамдар арасындағы тұлғааралық және гуманитарлық деңгейдегі орасан зор байланыстар, бәрі үлкен маңызға ие”, – деді Путин.

Ол Қазақстан екіжақты ынтымақтастықты нығайта түсетін ҰҚШҰ, Еуразиялық экономикалық одақ және Шанхай ынтымақтастық ұйымы сияқты негізгі интеграциялық алаңдардың мүшесі екенін атап өтті. Сөзінше, бұл аса маңызды саладағы ынтымақтастықты дамытуға жағдай жасайды. Әрі екі ел арасындағы ең ұзын шекара да маңызды дейді. 

Ресей басшысы екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуда ешқандай проблема көрмейтінін атап өтті.

“Тағы да атап өткім келеді: Қазақстан – біз үшін ең жақын елдердің бірі. Біздің одақтасымыз. Мен біздің қарым-қатынасымыздың дамуында ешқандай қиындататын факторларды көріп тұрған жоқпын, мүлде жоқ”, — деді ол.

Путин Мәскеу мен Астана ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын іздеуді жалғастыратынын қосты.

“Қасым-Жомарт Кемелұлымен үнемі кездесіп тұрамыз. Ол бізге келеді, мен де Қазақстанға қуана-қуана барамын. Үкіметтер, министрліктер, оның ішінде сыртқы істер министрлігі деңгейінде консультациялар мен өзара іс-қимылдар үздіксіз жүріп жатыр”, – деді Ресей президенті.

Ол Ресейдің Қазақстанмен энергетикалық ынтымақтастығын кеңейтуге, оның ішінде үшінші елдер нарығына бірлесіп шығуға ниетті екенін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін 29 мамырда баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей президенті Владимир Путин сол кезде Мәскеуде болған Қазақстанныңтұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу өткізгенінхабарлаған еді. 

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 19 Маусым, 2025 15:27
Талқылау