Қарбызды дұрыс таңдаудың 5 әдісі
Қарбыз жейтін маусым да келіп жетті. Алайда дәмді әрі бұзылмаған қарбыз таңдау білесіз бе? Осы орайда қарбызды дұрыс таңдаудың 5 әдісін ұсынамыз.
Суреттер: nz1.ru
Қарбыздың жерде өсіп жатқандағы ізі ақ не сары болып көрініп тұрады. Егер қарбыздың ізі ақ болса, ол әлі толық піспегенін, ал сары болса піскенін дәлелдейді.
Кей қарбыздардың қоңыр түсті іздері болады. Ол тозаңдану кезінде аралардың жиі ұрыққа түскенінің белгісі. Тозаңдану көп болған сайын қарбыз дәмді бола түседі.
Қарбыздардың аналығы мен аталығы болады. Аталығы сопақша, ал аналығы домалақ келеді. Аталығынан қарағанда аналығы дәмді болады.
Қарбыздың үлкенін де, кішісін де таңдамай орташасын алған дұрыс. Тағы бір айта кетерлік жайт дәмді қарбыз өз көлемінен ауыр болады.
Қарбыздың шіріген құйрығы оның толық піскенін көрсетеді. Егер қарбыздың құйрығы жасыл не жаңа піскендей болып тұрса, оның толық піспегенін айғақтайды.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстандықтарға қарбызды шілденің ортасынан бастап тұтынуға кеңес берілді