Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қаражат бөлінсе неге мәселеміз шешілмей жатыр”: Алматыда мәнерлеп сырғанаушылар мұзайдынсыз қалғанын айтып шағымдануда

Алматы аренаФото:”Алматы” арена

Алматы қаласындағы №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ата-аналары балалары жаттығатын мұзайдынсыз қалғанын айтып, наразылық білдіруде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ата-аналар атынан сөйлеген Ксения Юрьевнаның айтуынша, мәнерлеп сырғанау маусымы басталған қаңтар-наурыз айлары аралығында балалар мұз айдынынсыз қалған. Оның сөзінше, қаңтарға дейін балалар “Димаш” аренасында жаттығып келген, алайда кейін жалға алу мәселелеріне байланысты “Алматы” аренаға көшірілген.

"Біздің балаларымыз қаңтар айына дейін “Димаш” аренасында жаттығып жүрді. Ол кезде барлығы жақсы еді. Кейін жалға алу мәселелеріне байланысты қиындықтар туындап, бізді “Алматы” аренаға көшірді", – дейді Ксения Юрьевна.

Алайда ата-аналардың айтуынша, “Алматы” арена спортшыларды концерттік іс-шаралардың тығыздығына байланысты қабылдай алмаған.

"Балалардың жаттығуын “Алматы” аренаға ауыстырғанда, бізді қабылдамай қойды. Себебі мұнда концерттік іс-шаралар жиі өтеді, сондай-ақ мұз айдыны басқа спорт түрлеріне, мысалы, хоккейшілерге де бөлінген", – дейді ата-ана.

Кейін мәнерлеп сырғанаушыларға “Халық” аренасында жаттығу ұсынылған. Бірақ бұл нысан ата-аналар үшін қолайсыздық тудырып отыр.

"Қазіргі таңда бізге “Халық” аренасын ұсынды. Бірақ ол біз үшін ыңғайсыз, жолы алыс. Балалар спорттан бөлек мектепке де барады, сондықтан сабаққа кешігіп қалу қаупі бар", – дейді ата-аналар.

Сонымен қатар ата-аналар бұл мәселе бойынша басшылыққа жүгінгендерін, дегенмен нақты шешім табылмағанын айтады.

"Біз басшылыққа бардық, бірақ мәселе шешілген жоқ. Тек “Халық” аренасын ғана ұсынып отыр. Ал жаңалықтарда спортқа жеткілікті қаражат бөлініп жатыр дейді. Егер солай болса, неге біздің мәселе әлі шешілмей отыр?" – дейді Ксения Юрьевна

Ақерке Өмірхан
Сейсенбі, 31 Наурыз, 2026 14:48