Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Каратэшілеріміз Азия чемпионатында топ жарды

Қазақстан құрамасы Қытайдың Ханчжоу қаласында каратэден ересектер арасындағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қытайдың Ханчжоу қаласында WKF каратэден өткен ересектер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Кумите бағдарламасы бойынша ел намысын қорғаған 19 отандасымыдың екеуі алтынға, екеуі күміске қол жеткізсе, Токио олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева (+68 кг) қола медаль иегері атанды. Ал алтынды Жоламан Биғабыл (-55 кг) мен Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг) жеңіп алды. Жоламан финалда иорданиялық Омар Шакраны жеңсе, Нұрқанат өзбекстандық Кувончбек Мухаммадиевтің мысын басты. Сондай-ақ ақтық сынға шыққан Әсел Қанай (-61 кг) күміс жүлде иеленді. Одан бөлек, ерлер командасы кумитеден 2-орын алды.

Айта кетейік, Биылғы сары құрлық додасына 30 елден ең таңдаулы 300-ден астам спортшы қатысып, өзара мықтыларды анықтады. Қазақстан жалпы есепте Жапония мен Вьетнамнан кейінгі 3-орынға тұрақтап, жарыс нәтижесі бойынша ерлер командасы әлем кубогына жолдама алды. 

Талқылау