Қарашығанақ кен орнындағы жемқорлық ісі: Әділет министрі пара алған шенеуніктердің кім екенін айтудан бас тартты (видео)

Мәжіліс кулуарында Әділет министрінен Қарашығанақ ісінде пара алған қазақстандық шенеуніктер кім екені сұралды. Алайда ол бұл сұраққа жауап беруден бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін Қазақстан үкіметі Швецияда өткен құпия арбитраждық іс барысында жеңіске жеткені белгілі болды. Сот процесі кезінде Қазақстан тарапы кейбір шенеуніктер елдің ірі кен орындарының біріндегі мұнай компанияларының миллиардтаған шығынын бекіту үшін пара алғанын мәлімдеген.
Осы жағдайға қатысты Мәжіліс кулуарында Ерлан Сәрсембаевтан пара алған шенеуніктер кім екені сұралды. Алайда министр жауап беруден бас тартты.
"Қарашығанақ Петролеум" компаниясына ауаны ластағаны үшін 2,07 млрд теңге айыппұл салынды
"Өте жақсы жаңалық": Энергетика министрі Қарашығанақ бойынша арбитраж дауы жайлы пікір білдірді
“Жалпы бұл дау аясында болып жатқан оқиғаларға қатысты құпия ақпаратты жариялауға мүмкіндігіміз жоқ. Айтылған мәліметтерді тек сот аясында жариялауға рұқсат етілген. Сырттан, соттан тыс жүрген жерде айтуға, баға беруге болмайды”, – деді министр.
Сонымен қатар министр қазір сот процесі қалай жүріп жатыр деген сауалға жауап берді. Оның сөзінше, бұл соттың қанша уақытқа созылатыны белгісіз.
“Жалпы 20 шақты сот арбитраж жүргізіп жатыр. Оның бәрі біздің бақылауымызда. Соттың қанша мерзім болатыны бізге белгісіз. Оны тек арбитраж немесе сот шешеді. Ол халықаралық деңгейдегі ұйымдар. Сондықтан тәртіптері де, рәсімдері де ерекше”, – деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан үкіметі Швецияда өткен құпия арбитраждық іс барысында жеңіске жеткен еді. Олар сот процесінде шенеуніктердің елдің ірі кен орындарының біріндегі мұнай компанияларының миллиардтаған шығынын бекіту үшін пара алғанын мәлімдеген.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген