Қарапайым жанкүйер суреттеріне қарап отырып олимпиада чемпионының өмірін құтқарып қалды (фото)
Белгісіз жанкүйер Рио-де-Жанейрода олимпиада чемпионы атанған 20 жастағы австралиялық жүзгіш Мак Хортонның өмірін құтқарып қалды.
Жанкүйер суреттерді қарап отырып спортшының кеудесінен дақты байқап қалады. Ол Австралия құрамасының дәрігеріне хабарласы, Хортонда меланома (ісік) болуы мүмкін деп хабарлайды. Ақырында оның қатерлі ісіктің бастамасы екені анықталған.
“Менің меңімді тексеру керек деп кеңес айтқан адамға алғысым шексіз. Бұл нағыз өз уақытында жасалған ескерту болды”, – деп жазды спортшы Инстаграмдағы парақшасында. Оған дейін Хортон Мельбурндағы ауруханада операциядан өткен.
Риодағы олимпиада ойындарында Хортон 400 метрге еркін стилде жүзуден чемпион атанды. Бұл медаль австралиялықтың спорттық мансабындағы алғашқы олимпиадалық жүлде.
Талқылау