Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарапайым өзбек жігіттің жомарттығы желі қолданушыларын тебірентті

Мәскеу тұрғыны Ирина Фесенко өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қарапайым өзбекстандық жігіттің игілікті ісі туралы баяндап берді.

1482897018_um

Балалар хосписіне көмектесіп тұратын әйел, абхазиялық мандариндерді алу үшін азық-түлік базасына келген.

“Бүгін мен үшін әбден тоңған күн болды. Жылыну үшін үйге асығып бара жатқанмын. Жаңа Жылға дейін аз ғана уақыт қалды. Мен акцияға арналған мандариндерді әлі сатып алмадым. Көлігімді бұрып, ФудСити жағына қарай аяңдадым. Жеміс, көкөністер сатып тұрған базар да көзіме түсті. Бірден абхазиялық мандариндерді іздедім. Сатушы сол мандарин дейді. Дәмін татсам мүлде ұқсамайды, басқаша. Олай алдап қажеті не? Бұл дегеніңіз күнә емес пе? Сосын үш жәшік сербиялық мандаринді сатып алдым. Олар да дәмді. Заттарымды тиеп, шығуға дайындалып жатырмы. Шыға берісте өзбек қауындарына көзім түсті. Тура мерекелік дастарханның көркін ашатын, дәмді қауындар сиякты. Қауынды өлшеп жатқан сатушы, алған мандариндерім тым көп емес пе деп сұрады. Бұл балалардың жаңа жылына арналған деп түсіндіре бастадым.

1482896932_um1

Орысша онша сөйлей алмайтын әлгі жігіт мандариндерімді қайда апара жатқаным туралы тағы да сұрады. Ол құрма салынған үлкен жәшікті алды да, маған ұсынып: “ал, менің атымнан балаларға сыйлаңыз” деді. Ол балалар туралы тағы сұрады. Мен олардың аналары бар екенін, бірақ көбісінің жазылмас сырқатқа шалдыққанын, соларды қуанту үшін сыйлық алып жүргенімді айттым. Ал ол болса тағы бір жәшік қызанақты алып маған беріп, балаларға апаруымды өтінді. Мен не істерімді білмей, абдырап қалдым.

1482897018_um

Көлікте келе жатырмын. Артта әлгі жігіт тиеп берген сыйлықтар. Біртүрлі көзіме жас келіп, тамағыма әлдеқандай өксік тығылғандай. Иә, бізде дін әртүрлі, бірақ әркімнің өзінің махаббаты мен сенімі, құрметі бар. Рахмет саған, Омар! Алла сені сақтасын!”, – деп жазады ол.

1482896950_um2

Мәскеуліктің бұл жазбасын бірнеше күннің ішінде біраз адам бөлісіп, пікір жазған. Желі қолданушылары өзбекстандық азаматтың бұл мейірбандығына ерекше риза болған.

Оқи отырыңыз:

Чехия президенті халқына Жаңа жылда қауіпке толы өмір тіледі

Үндістанда әйелді өліге санап Ганг өзеніне ағызып жіберген, бірақ оны балықшылар құтқарып қалған

Етеккірі келгендіктен туыстары сарайға қуып жіберген қыз көз жұмды

Австралияда 11 жастағы бала 6 жасар туған інісін зорлап тастаған

Талқылау