Қарапайым қызметкер өзі жұмыс істейтін банкті тонап қашып кеткен: Құпия болып келген іс жарты ғасырдан кейін ашылды
Америкадағы ең үлкен банктік тонау ісі ашылды. 52 жылға созылған іздеулерден кейін полиция қарақшының ізіне түсті. Алайда құқық қорғау органдары оны тұтқындай алмады, себебі қылмыскер өмірден озған. Бұл туралы BBC-ге сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тед Конрад есімді ер адам Огайо штатының Кливленд қаласындағы Society National Bank атты банкте кассир болып жұмыс істейді. 1969 жылдың шілдесінде ешкім күтпеген кезде ол басшысын тонап кетеді.
Конрад 215 мың долларды, бүгінгі күні шамамен 1,7 миллион доллар (шамамен 733 млрд тенге) ұрлап кеткен. Бір қызығы, тергеушілер тонаудан кейін Конрад ақшаны шашпағанын, қарапайым өмір сүргенін анықтаған.
Теодор Конрад Денверде, Әскери теңіз күштері офицерінің отбасында дүниеге келген.1958 жылы Конрадтың ата-анасы ажырасқан кезде, Тед анасы мен әпкесімен бірге Лейквуд қаласына қоныстанады.
Мектепті бітіргеннен кейін ол Жаңа Англия колледжіне оқуға түсіп, бірақ бірінші семестрден кейін Кливлендке оралады. Кейін ол Кайахога муниципалды колледжіндегі сабақтарға қатысады.
- Көлік жүргізушісі түсініп қойды: Жеткіншек қыз желіде тараған ишараның көмегімен зорлаушыдан құтылды
- 30 метр биіктіктен құлады: Ер адам аттракционда тіреліп қалған әйелді құтқару үшін өз өмірін құрбан етті
1969 жылы қаңтарда ол Society National Bank-ке жұмысқа орналасады. Жұмыс бойынша Конрад көбінесе банктің қоймасында жүрген. Кассирлер мен бөлімшелерге қолма-қол ақша қажет болған кезде Конрад вексельдерді жинап, жеткізіп берген. Жазбалардағы мәліметтер бойынша, ол күніне жүздеген мың доллар ақшаға қолжеткізе алатын.
Полицияның мәліметінше, Конрад достарына банкті тонау туралы жоспарлары жайлы жиі айтып отыратын, тіпті оны жұма күні жасау қаншалықты оңай екенін де атап өткен. Себебі ол екі демалыс күнде қашып кете алатынын айтқан.
Оны танитындардың айтуынша, ол 1968 жылы шыққан "Томас Краунның ісі" фильмін жақсы көрген, онда банкті тонау туралы айтылады. Конрад өзінің тонау ісіне дейін бұл фильмді он шақты рет көрген екен.
Достарының айтуынша, Конрад өзін фильм кейіпкері сияқты ұстаған: спорт машинасын сатып алып, қымбат ішімдік ішіп, жергілікті гольф клубы мен боулингке үнемі барып тұрған.
Конрад қылмыс жасаған кезде небәрі 20 жаста еді. Ол өзі жоспарлағандай әрекет еткен. 1969 жылдың 11 шілдесінде жұма күні кешке қаражатты кәдімгі қоңыр қағаз пакетке салып, жай ғана банктен алып шыққан. Сол күні оның басшысының жұмыста болмағаны оған айтарлықтай қолғабыс етті. Белгілі болғандай, сол күні бастығына ота жасалуы керек болған.
Конрад бірінші үйге барып, содан соң көлікке отырып, бірден әуежайға тартып кеткен. Дүйсенбі күні банк қызметкерлері қаражаттың жоғалғанын байқаған кезде ол ізін суытып үлгерген.
Тед Конрад Кливлендтегі банктен 200 мың доллардан астам ақшаны пакетке салып алып шыққан
Ол жарты ғасырдан астам уақыт бойы іздеуде болған. Кливлендтегі тонау "Америкада іздеу салынған жандар" және "Ашылмаған құпиялар" деген сынды телешоуларда үнемі талқыланып отырды.
Ақша ұрлаған соң Конрад алдымен Вашингтонға қашып кетсе, содан кейін Лос-Анджелеске көшкен. Оны достарына телефон арқылы және жіберген хаттарындағы пошта маркаларына қарап анықтаған.
1970 жылы ол Бостон қаласының маңындағы Линнфилдке көшіп кеткен. Бұл қылмыс орнынан мың шақырым жерде. Осы кезде ол есімін Томас Рэнделге ауыстырған.
Бостонда ол 1982 жылы болашақ әйелін жолықтырып, үйленеді. Бірнеше жылдан кейін олардың қызы дүниеге келеді.
Тергеушілердің айтуынша, тонаудан кейін ол қарапайым өмір сүрген. New York Times басылымы соңғы 40 жыл ішінде ол пайдаланылған автокөлік компаниясында жұмыс істегенін, кәсіби түрде гольф ойнағанын хабарлады.
Бұл іс бірнеше онжылдықтар бойы ашылмай келді. Ақырында тергеушілер Рэндел жайлы некрологты газеттен көріп қалған. Олар қылмыскердің 1960 жылы тапсырған құжаттарын қарап, сәйкестіктер таппаған. Бұл құжаттар оның 2014 жылы банкротқа ұшырағаны жайлы қағаздар еді.
Тергеушілердің бірі Питер Эллиотт бұл істі әкесінен аманат қып алған.
"Менің әкем Конрадты іздеуді ешқашан тоқтатқан жоқ және бұл істі 2020 жылы қайтыс болғанға дейін зерттеді", – деді Эллиотт.
Әкесі өмірінің соңына дейін қылмыскерді іздеген.
"Әкем АҚШ маршалдар қызметі бұл құпияны ашқанын біліп, риза болатын шығар", – дейді өз сөзінде.