Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарапайым әдеттер – арманға бастайтын жол: Баспанаңызға ақша жинауға көмектесетін қаржылық лайфхактар

отбасы глав

Үй алуды мақсат еткендерге тек депозит ашып, ақша жинау жеткіліксіз. Ең қиыны – күнделікті қаржылық әдеттерді өзгерту. Мақсатқа жету үшін қажетсіз шығындарды қысқартқан жөн. Бұл үшін бірнеше әдетті күнделікті тұрмысқа енгізу керек. Отбасы банк қазақстандықтарға келесі қарапайым қаржы лайфхактарын ұсынады.

1) "Көрінбейтін ақша" әдісі: жалақы түскен күні 10–20% депозитке жіберу

Көпшілігі "ай соңында ақша қалса, депозитке саламын" деп ойлайды. Бірақ дәл осы ой жинақтың өспеуіне себеп болады.

отбасы банк

"Көрінбейтін ақша" әдісінің мәні:

– жалақы түскен күні, ештеңеге жұмсамай тұрып, табыстың 10–20%-ын бірден Отбасы банк (жылдық сыйақы мөлшерлемесі 2%) депозитіне салу.

Бұл ақшаны сіз кейін байқамай да қаласыз. Мәселен, бір отбасы бюджетінің 15%-ын бірден депозитке бағыттай алады. Айлық бюджет 700 000 теңге болса, 15%-ын депозитке салу арқылы бір жылда 1 260 000 теңге жинай алады. Осылай жыл соңында мемлекеттік сыйлықақы алуға да болады.

2) "10 ұсақ шығын" кестесі: байқалмай кететін ақшаны анықтау

Тұрмыста ең көп жұмсалатын шығын – ұсақ-түйекке кеткен ақша. Оның ішінде мыналар болуы мүмкін:

– кофе

– жеткізу қызметтері

– жазылымдар

– шағын онлайн сатып алулар

– такси

– жеңіл-желпі тіскебасарлар

отбасы

Адам айына 50–100 ұсақ төлем жасайды, бірақ олардың нақты мөлшері мен ненің қайда жұмсалғаны есте қалмайды. Сондықтан келесі лайфхакты пайдаланып көруді ұсынамыз: 

– Бір апта бойы барлық шығынды жазу;

– Оларды кофе/жеткізу/жазылым/тәттілер/көлік деп бөлу;

– Қайсысы шынайы қажет, қайсысы әдет екенін анықтау;

– Артық шығынды Отбасы банк депозитіне аудару.

Табысы орташа отбасы бір айда 15–40 мың теңгені тек байқалмай кететін шығындардан үнемдей алады. Бұл қаржы депозитке түссе, жылына 180–480 мың теңге жиналады. 

3) "Сауданы 72 сағатқа тоқтату": импульсивті сатып алулардан құтылу

Ереже қарапайым:

– Қымбат әрі сізге қажет дүниені көрдіңіз делік, бірақ оны бірден алмаңыз;

– 3 тәулік күтіңіз;

– Сол затқа әлі де мұқтаж болсаңыз ғана сатып алыңыз.

отбасы банк

Психологтар импульсивті сатып алулардың 70%-ы осы уақыт ішінде өзінен-өзі "жоғалып кететінін" айтады.

Нәтижесінде, айына 20–50 мың теңге үнемделеді. Ал жылына 240–600 мың теңгені депозитке жіберуге болады.

4) Маусымдық үнемдеу – тиімді уақытта сатып алу

отбасы банк

Қазақстан нарығында көп тауарлар маусымға қарай едәуір арзандап кетеді. Тауарлар ең арзан болатын кезең:

– Тұрмыстық техникаға қараша-қаңтар айларында науқандар болады;

– Жиһаз жазда арзандайды;

– Құрылыс материалдары қыста арзандап кетеді; 

– Киімді маусым ауысқанда алған жөн. Мысалы, жаздық киімді қыста, қыстық киімді жазда алу.

Нәтиже: жылына үнемделген 100–300 мың теңге депозитке бағытталады.

5) Кешбэк пен бонус – күнделікті шығынды табысқа айналдыру мүмкіндігі

отбасы банк

Көп адам үшін кешбэктың мөлшері аз болуы мүмкін. Алайда күнделікті үй жанындағы дүкеннен сауда жасап-ақ кешбэк жинап алуға болады. Бұл үшін: 

– барлық төлемді кешбэк беретін картамен жасау;

– бонустар түскен бойда оларды депозитке аудару;

– артық жеңілдіктерді сатып алуға емес, жинаққа пайда ретінде қарастыру.

Нәтиже: айына 3–10 мың теңге, жылына 36–120 мың теңге тікелей депозитке түседі.

6) "30 күн қажетсіз шығынды шектеу" челленджі

отбасы банк

Қазақстандық отбасы үшін бұл ең қиын, бірақ ең тиімді әдістердің бірі болуы мүмкін. 

Ережесі:

– 30 күн жаңа киім, электроника, эмоциялық сауда жасамау;

– Заттарды жоспармен, алдын ала жасалған тізіммен алу;

– Апта сайын үнемделген соманы депозитке аудару.

Нәтиже: бір айда орта есеппен 25–60 мың теңге үнем. Бұл бір ғана айлық челленджді жылына 2–3 рет қайталаса, депозит айтарлықтай өседі.

Назархан Уән
Сәрсенбі, 10 Желтоқсан, 2025 14:24