Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақаттың 1 жасар қызы тұсауын кесетін адамды өзі таңдаған (видео)

Күні кеше төрт ұлдан кейін өмірге келген қыздарына арнап той жасаған Қыдырәлі мен Қарақат бұл күнді ерекше етіп өткізуге тырысты. Бұл той расында да бұрынғыдан өзгерек болды! Неге десеңіз, дүркіреп өткен тойда қазақтың ұлттық ойындары ойнатылып қана қоймай, қонақтарды қызықты “тосынсыйлар” күтіп тұрды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қарақат Әбілдина

Мәселен, тойға жиылған қауым 1 жасар Аяланың тұсауын кім кесетінін соңына дейін білмеді. Болмановтар жанұясы бұл рәсімнің өзін өзгеше етіп өткізуді жоспарлаған.

Олар тұсау кесетін адамды таңдауды әлі оң-солын танып үлгермеген Аяланың өзіне тапсырған. Тұсау кесуге “үміткерлер” той қонақтарына арнайы лэд-экран арқылы таныстырылғанын айта кетейік. Бұл көріністің өзін Қарақат жаңалықтар стилінде жасаған.

Бұдан кейін жұлдызды жанұя кенже қыздарын ақ матаның ортасына отырғызып, тұсау кесетін адамды Аяланың өзіне таңдатқызған.

Қарақаттың 1 жасар қызы тұсауын кесетін адамды өзі таңдаған (видео)

Ақыр соңында бұл “мәртебе” белгілі радио-тележүргізуші Гүлбаршын Заироваға бұйырды.

“Осыдан бір жыл бұрын Аяла кіндік шешесін де өзі таңдаған болатын”, – деп еске алған ол тұсау кесу мәртебесі өзіне бұйырғанына қуанышты екенін жеткізді.

Еске сала кетейік, Қыдырәлі мен Қарақаттың қызы Аяла 15 мамыр күні 1 жасқа толды. Бұл күні Болмановтар отбасы Аяланың тұсаукесері мен ұлдары Айсұлтанның сүндетке отыруына байланысты дүркіретіп той жасады. Айта кететін жайт, көпшілік кішкентай Аяланы үлкен ағасы Бекболатқа ұқсатуда.

Тағы оқыңыз: 

Домбырасының тиегін жоғалтып алған Мөлдір Әуелбекованы залдағы көрермені «құтқарып қалды» (видео)

Мұхамедиұлы: Димаштың арқасында шетелдік продюсерлер қазақстандық таланттарға көз сала бастады

Әбдіжаппар Әлқожа: Мен Қайрат сияқты әйелімді, балаларымды елге әшкере қылмаймын

Жатақханада тұрған: Қазақстандық кəсіпкер белгілі қазақ ақынына Астананың төрінен пəтер алып берді

Талқылау