Қарақат: Менің Қыдырәліге деген сезімімді оятқан «Тамшылар» әні (фото, видео)
Қазақ эстрадасының жарқын жұлдызды жұбы Қыдырәлі мен Қарақат 2015 жылы «Тамшылар» әнін жаңаша өңдеп жаздырған еді. Бұл әнді кезінде «АБК» тобының орындағанын айтпаса да барша жұрт білетін шығар. Қарақат Әбілдина дәл осы әннен кейін Қыдырәліге ғашық болғанын мойындады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
«Тамшылар» әні… Консерваторияның 1- ші курс студентімін. Ең алғаш осы әнді “АБК” тобының орындауында естіп ғашық болғанмын. Әнге ғашық болдым, кейін уақыт өте келе әннің дәл осы тұсынан, екінші шумағынан бастап орындайтын жігітке сезімім ояна бастады», – деп бастады сөзін Қарақат желідегі жазбасында.
Одан кейін Қарақат Қыдырәлінің жары боламын деген ой үш ұйықтаса түсіне кірмегенін айтты.
«Сол кезде ойладым ба екен? АБК тобының продюсері, атақты Қыдырәлі Болманның жары боламын, дәл осылай бір саxнада тұрамыз, дәл осы әнді бірге шырқаймыз деп.. Үш ұйықтасам түсіме кірмеген жағдай еді…Өмір деген қызық… Бір әннің құдіреті қандай шіркін! Бал-бұл жанған 18 -дегі қылықтарымды, ұмытылмас сезімге толы тәтті кездерді еріксіз еске түсіреді. Менің алғашқы сезімімді оятып, маxаббатыммен жолықтырған осы “Тамшылар”әні. Сол сияқты әр адамда алғашқы сезімімен байланысты бір ән болатыны рас. Бөлісе отырайық, сізде ол қай ән?» – деп түйіндеді сөзін Әбілдина.
Желі қолданушылары да өздерінің жастық шақтарын еске алып, алғашқы махаббатарын еске түсіретін әндерімен бөлісті.
Жіберіп алмаңыз:
Қарақат Қыдырәлінің өзіне ән арнағанын айтып мақтанды
Қарақат: Қыдырәлінің аузы дуалы
Қарақат Әбілдина бет әлпеті арқылы адам мінезін анықтауды үйретті
Қарақат Әбілдина келіншектерге тұшпара-тоқаш пісіруді үйретті (фото)