Қарақат Қыдырәлінің қайын жұртқа қалай қызмет қылатынын көрсетті (фото)
Қыдырәлі Болманов жуырда әжелерін Түркия еліне қыдыртып келген болатын. Енді міне продюсердің демалысы ауылда жалғасып жатқан сыңайлы. Қарақат Әбілдина жолдасының самаурын қайнатып отырғандағы суретін бөлісті.
Фото: instagram.com/karakat_a/?hl=ru
Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.
Болманов үнемі қайын жұртын мақтап, енесін туған анасындай көретінін айтады. Продюсердің жары бүгін осы сөздерінің дәлелі болған бір суретін бөлісті. Бұл әрекетіне қарап бірі оны мақтай түссе, енді бірі әжуалап та алды. Суреттің тұсына “Қайын жұртқа қызмет қылған күйеу бала” деп жазып қойған екен.
“Қазақстанның бетке ұстар азаматына самаурын қайнатқызған ерсі екен. Қарақат мынауың енді ұят қой”, “Өте дұрыс! Ол бірінші кезекте күйеу бала”, “Қазақтың нағыз азаматтары самаурыннан шай ішіп, ауылда өскен. Қайта самаурынмен мақтану керек. Мұнда тұрған ешнәрсе жоқ”, “Қайын жұртшыл азамат жаман болады деуші еді”, “Нағыз тектінің ұрпағы ғой” дейді желі қолданушылары.
Жіберіп алмаңыз:
Қыдырәліге ерекше сый жасағысы келген Қарақат жұрт алдында тоқал алып беруге уәде етті
Әріптестері Қарақаттың Қыдырәліге тоқал алып беруіне қатысты пікір білдірді
Қарақат Қыдырәліге тоқал сыйламақ болған себебін түсіндірді
Қарақат өзін Тасмағамбетовпен жасырын қарым-қатынасы бар деген қауесетке жауап берді