Қарақат Әбілдина Алматы қаласында тағы бір мектебін ашты
Жұлдызды жұп Қыдырәлі мен Қарақат Алматы қаласында өнер мектеп студиясын ашты. Аталған мектепке балалар төрт жасынан бастап қабылданбақ.
Фото: instagram.com/kydyrali_bolman/?hl=ru
Бұл туралы “Stan.kz” хабарлайды.
Алматы қаласында ашылған мектепте балаларға ұлттық ойындар мен фортепиано аспабын меңгеруді үйретеді. Мұнымен қатар, актерлік шеберлік пен биді де үйретеді.
“Бүгінгі күн де жақсы өтті. Мектебіміздің ашылуы халықтың ыстық ықыласымен ұласып, балапандардың таң қалдырар таланттыларымен көмкеріліп, Аллаға шүкір, жып-жылы болып өтті. Ертеңгі ел тізгінін ұстар ұрпақ тәрбиелеу – әрқайсымыздың ең басты парызымыздың бірі. Ел боламын десең – бесігіңді түзе деген Мұхтар атамыздың дана сөзінің түбіріне көз жүгіртсек, көп дүниені байқауға болады.
Тауға айналған тұлғаларымыз Ескендір аға мен Мәрзия анамыздың баталары қабыл болғай! Алматы қаласының мың жылдығы қарсаңында ашылған Қарақат мектеп-студиясының тұсауы кесілді. Алла абырой берекесімен берсін”, – деп барша жиналған қауымға алғыс білдірді.
Қарақат Әбілдина осы уақытқа дейін 2009 жылы Астана қаласында алғашқы мектебін ашқан болатын. Алматыдағы мектептің ашылғаны кеше болса да, келушілер саны өте көп екен. Әнші жұмысқа тұруға келген мамандарды екі ай бойы бақылайтынын айтады.
Жұлдызды жұп осымен тоқтап қалмай Шымкент және Қарағанды қалаларында өнер мектебін ашпақ ниетте. Олар осылайша талантты балалардан табысқа жетер азаматтар өсіп шықса екен дейді.
Жіберіп алмаңыз:
Қыдырәліге ерекше сый жасағысы келген Қарақат жұрт алдында тоқал алып беруге уәде етті
Әріптестері Қарақаттың Қыдырәліге тоқал алып беруіне қатысты пікір білдірді
Қарақаттың тыңдарманы естелік үшін оның бір уыс шашын жұлып алған
Айнұр Тұрсынбаева: Қарақат мектеп, Жазира салон ашты. Ал мен ше?