Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақат Әбден шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қыздарға үлкен салық салуды ұсынды

Қазақстан президенттігіне кандидаттардың арасында өткен теледебат кезінде Қарақат Әбден шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қыздарға үлкен салық салуды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден теледебат барысында “қазақ қыздарының шет елдерге тұрмысқа шығу жағдайларының көбеюіне және оны қандай да бір заңды жолмен реттеуге бола ма” деп сұрақ қойған азаматқа жауап берді.

"Бұл өте маңызды сұрақ. Қызылорда облысында да маған осындай сұрақ қойылды. Егер қыз тұрмысқа шыққысы келсе, мен не айта аламын – бақытты болсын. Бірақ қазір есеппен үйленетін жастар көп. Біз дәстүрді сақтау тұрғысынан қарауымыз керек. Біздің қыздар – біздің құндылығымыз. Мен шетелдік азаматқа тұрмысқа шыққысы келетіндерге үлкен салық салуды ұсынамын. Содан кейін қыздар мен олардың ата-аналары ойланатын шығар", - деп жауап берді Әбден.

Айта кетсек, Қазақстан президенттігіне кандидаттардың арасында теледебат өтті. Көрсетілім "Хабар" арнасында тікелей эфирде болып жатыр. Пікірталасқа Қарақат Әбден, Нұрлан Әуесбаев, Жигули Дайрабаев, Мейрам Қажыкен, Салтанат Тұрсынбекова қатысуда. Қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дебатқа қатыспайтыны бұдан бұрын белгілі болған. Оның орнына пікірсайысқа мәжіліс спикері Ерлан Қошанов келген.

Талқылау