Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақат Әбден Қазақстан президенттігіне кандидат болып тіркелді

Орталық сайлау комиссиясы 19 қазанда кәсіби әлеуметтік жұмысшылар ұлттық альянсы ұсынған кандидат Әбденді кезектен тыс президент сайлауына үміткер ретінде тіркеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ОСК мәліметінше, Қарақат Әбденнің президенттікке үміткерді тіркеу бойынша қажетті процедуралардың бәрі сақталған. Жергілікті сайлау комиссиясы хаттамасының мәліметінше, Қазақстанның 15 өңірінде Әбденді қолдаған 122 мыңнан астам қол жиналған, 118 мың 418-і жарамды танылған.

"Осылайша, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидатты тіркеуге қажетті барлық рәсімдер сақталды. Орталық сайлау комиссиясы Қарақат Әбденді Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді", - деп мәлімдеді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.



48 жастағы Қарақат Әбденнің мамандығы – экономист-маркетолог. Мемлекеттік қызметте ұзақ жыл тәжірибесі бар – мемлекеттік кіріс, қаржы министрлігі мен салық комитетінде түрлі лауазымды қызмет атқарған. "Нұр Отан" партиясы (қазіргі "Аманат") аппаратында да қызмет істеген. Астана мәслихатының депутаты.

Бұған дейін Қарақат Әбден қазақ тілінен емтиханды тапсырып шыққан еді.

Айта кетейік, ОСК кандидат куәлігін – "Ауыл" кандидаты Жигули Дайрабаев, "Аманат" кәсіпкерлер достастығы ұсынған Мейрам Қажыкен, "халықтық коалиция" кандидаты, қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырған.

Қазақстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасында өтеді.

21 қазанда кешкі сағат 18.00-де елде сайлауалды үгіт-насихат науқаны басталады. Ол 18 қарашаға дейін жалғасады. 19 қарашада – "тыныштық күні". Дауыс беру 20 қарашаға белгіленген. Президент жеті жылға сайланады.

Талқылау