Қарағандылық зағип жігіттің әйгілі әнге жазған кавер видеосы жұртты тәнті етті (видео)

Қарағандылық Кенжебек есімді жігіттің көзі көрмейді. Соған қарамастан, жас жігіттің өнерге деген құлшынысы биік. Жақында ол Нұржан Керменбаевтың белгілі әніне кавер видео түсіріп, жұртты тәнті етті, деп жазады Stan.kz.

Қарағандылық зағип жігіттің әйгілі әнге жазған кавер видеосы жұртты тәнті етті (видео)

“Бұл бала бір орында тұрмайды. Дамып, өсіп келеді. Қарапайым адамдарға қарағанда оған бірнәрсеге қол жеткізу он есе қиын. Бірақ өмірсүйгіштігінің, еңбекқорлығының, мейірімділігінің арқасында оның қолынан бәрі де келеді”, – дейді Жандос Сейіт есімді желі қолданушысы. Ол Кенжебектің видеосын таратып, оның талантына қолдау көрсетуді сұраған.

Айта кетейік, дәл осы әнге Нұржан Керменбаев байқау жариялаған болатын. Байқауда жеңген азамат ән жаздырып, клип түсіру, сондай-ақ, беделді музыка мектебінде үш ай оқу мүмкіндігіне ие бола алады.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр