Қарағандыда жаңа жөнделген асфальт екі сағаттан соң жарықшақтанып кетті
Қарағанды көшелерін тақтайдай түзу әрі сапалы төселген деп айтуға келмейді. Мұндағы сапалы жолдар саусақпен санарлық. Ал қалған көшелер кілең шұрық-тесік, онда түсіп кетіп жатқан көліктер саны да көп.
Сурет professionali.ru
Бұл туралы informburo.kz хабарлайды.
Облыстық және республикалық маңызы бар жолдардың да сапасы сын көтермейді. Жолдарды жөндеуге 2016 жылы Қарағанды облысына 38,2 миллиард теңге бөлінген. Бұл ақшаға билік 510 шақырым жолға жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.
Облыс орталығындағы жарылған жолдарды реттеуге бюджеттен 3,5 миллиард теңге қарастырылған. Бұл ретте Панель-Центра ықшам ауданына жол төселіп, “Федоровский” жолы күрделі жөндеуден өткізіліп және былтырғы жылы қопарылып қалған Ленин көшесінің жолы жөнделмек. Бұдан бөлек, қаланың 14 көшесіне де орта деңгейдегі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Биылғы жылы 28 шақырым автожол жөнделді. Ал жалпы көлемі 60 мың шақырым болатын жолдың жыртығын жамап-жасқауға 160 миллион теңге қарастырылып отыр.
Бірінші кезекте “Адал Инжиниринг” ЖШС толық қайта құрылымдаудан бері жыл сайын жөнделіп келе жатқан вокзал алдындағы алаңқайды жөндемек. Бірақ, жол қозғалысы мәселесі дұрыс есептелмегендіктен мәселе туындап, жол апаттары да орын алды.
Бірнеше күннен соң 24 сәуірде мердігер компания Жәнібеков көшесіндегі ойық тұстарды жөндеуге кіріскен. Бұл жолы да “тосын сый” болмай қалмады. Жаңа ғана жөндеуден өткізілген асфальт бірнеше жерден жарылып кеткен. Енді қашан толыққанды жол қалыпқа түсіп жөнделемін дегенше, бұл көшемен құйғытып өту мүмкін болмайды.
Жолдың мұншалықты сапасыз жөнделуіне қарсы шыққан қарағандылықтар, ойқы-шойқы көшелерді суретке түсіріп әлеуметтік желілерге жариялап жатыр.