Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда жүргізушілер «көлік апатынан зардап шеккен» адамдарға көмек қолын созбаған (фото)

Жергілікті полиция қызметкерлері мен Қызыл крест және Қызыл Жарты ай халықаралық қозғалысының мамандары «Қауіпсіз жол қозғалысы аптасы» акциясы аясында жол көлік оқиғасының «құрбаны» болды.

Еріктілер ЖКО орнына арнайы гриммен келген. Біреуінің аяғы сынған болса, өзгелері түрлі жарақат алған. Акцияға қатысушылардың бірі өтіп жатқан көліктердің бірін тоқтатып, көмек сұрамақ болған. Оқиға орын алған жерде тоқтаған көлік жүргізушілері қансырап жатқан адамдарды көргеннен кейін көмек қолын созбастан өтіп кеткен. Кейбірі: «Полиция шақыр, солар көмектеседі», – деп айқайлаған. Тіпті, болған оқиғаны смартфонның камерасына түсіргендер де бар. Бірақ ешқайсысы көмек қолын созуға асықпады. Ал автомектептерде білім алған жүргізушілер апат орын алған жағдайда, алғашқы минуттарда медицналық көмек көрсету арқылы адам өмірін құтқарып қалу мүмкін екенін жақсы білуі тиіс.

Қарағанды облысында жыл басынан бері 576 жол-көлік оқиғасы болып, 120 адам көз жұмған. Ал 773 адам түрлі ауырлық деңгейінде жарақат алған екен.

Оқи отырыңыз:

Атырауда қайтыс болған ақтөбелік қыздың неліктен көз жұмғаны анықталды

Астанада жартылай жалаңаш жанжалқой бірнеше көлікті қиратты (видео)

Қарағандылық гимназияда бизнес жүргізуді үйрететін жаңа пән енгізілді

Астананың 20 жылдығына орай «Алланың гүлі» аталатын мешіт салынып жатыр (фото, видео)

Талқылау